Жаңалықтар

«Қар аралас жаңбыр». Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

«Қар аралас жаңбыр». Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Фото: pixabay.com 12.04.2024 14:07 1083

Республика аумағының басым бөлігі атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалында болғандықтан, ауа райының тұрақсыздығы сақталады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Метеорологтардың айтуынша, республика аумағының көп бөлігі атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалында болады, сондықтан ауа райының тұрақсыз сипаты сақталып, жаңбыр жауады, түнгі уақытта елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында жауын-шашын болады.

Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста демалыс күндері жаңбыр тоқтаусыз жауады деп күтіледі. Тек Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысында күн ашық болады. Республика аумағында жел күшейеді, түнгі және таңғы уақыттары тұман түсіп, батыс пен оңтүстікте найзағай ойнайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға