Жаңалықтар

Қапшағайда су кеткен ер адам өлімнен аман қалды

Қапшағайда су кеткен ер адам өлімнен аман қалды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі 16.07.2023 14:22 647

Қапшағай су қоймасында суға батқан 30 жастағы ер адамды құтқару қызметінің мамандары аман алып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Сенбі күні күндізгі 12-50-де Алматы облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары профилактикалық патрульдеу кезінде Қапшағай су қоймасының қалалық жағажайында 1993 жылы туған ер адамды құтқарды. Демалуға келген ол арнайы орнатылған  "Шомылуға тыйым салынады! Абайлаңыз, шұңқыр!" белгілерін ескермей, шомылуға рұқсат етілмеген жерде су түсіп, нәтижесінде шұңқырға түсіп кеткен. 

Алматы облысы ТЖД Қонаев қаласының Жедел-құтқару жасағының құтқарушыларымен және жүзу құралының күшімен ер адам құтқарылып, оның медициналық көмекке мұқтаж емес екені анықталды. 

Өңірдің ТЖД азаматтардан ескерту белгілерін ескеріп, тек шомылу үшін арнайы бөлінген және жабдықталған орындарда шомылуды және судағы қауіпсіздік ережелерін мүлтіксіз сақтауды ескертеді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға