Қапшағай су қоймасының климаттық-рекреациялық әлеуеті қандай?

Қазіргі таңда Қазақстанда төрт мыңнан астам су қоймалары салынған. Оның көпшілігі орталық, оңтүстік және шығыс Қазақстанда орналасқан. El.kz ақпарат агенттігінің тілшісі еліміздегі су маңызды су қоймасы туралы метеролог ғалымдардың зерттеуіне шолу жасап көрді.
Су қоймалардың қоршаған ортаға әсері әлемдегі ғылыми және көп Шелек жазба беттерінде айтарлықтай орын алды. Бірақ осыдан 20-30 жыл бұрын бұл атаудағы кітаптардың басылып шығарылуын елестету мүмкін емес еді. Себебі, біріншіден табиғи ресурсарды дүрыс бағытта пайдалану және қорғау мәселесі тек биолог және географ мамандарының аз бөлігін ғана қызықтырды және екіншіден, көп Шелектің жасанды су қоймасы жөніндегі түсінігі өте қарапайым болды. Және де соған сәйкес ірі жасанды су қоймаларының саны да тапшы болды. 30-40 жылдардан бастап гидротехникалық құрылыс аймағын зерттеу кеңінен қарала бастады 50-ші жылдардың өзінде гидротехникалық құрылыстың негізі болғанымен, ірі акваторийлардың климатқа әсері, топырақ суы, өсімдік жамылғысы, жануарлар әлемі жағдайлары ескерілмеді. Мемлекеттер шаруашылықтың дамуындағы энергетикалық база деңгейін жоғарлатуды қажетсінді. Ал энергия көзін алу үшін көмір және мұнайға шығынданбай тек гидроэлектростанцияны яғни су қоймаларын тұрғызу арқылы ғана қол жеткізге алатыны белгілі болды.
Қазіргі таңда жыл сайын жасанды қоймалардың саны бүкіл әлемде өсіп келе жатыр. Климат қаншалықты өзгерсе де, дамушы мемлекеттерде гидроэнергияны алу үшін, сумен қамтамасыз ету үшін су бөгендері салына бермек. Дамушы мелекеттерде дегенмен ол тұрақты болып қалуы да мүмкін немесе кейбірі эксплуатацияға берілуі мүмкін.
Су қоймалары өзен аңғарларын қоршап тұратын бөгеттерді тұрғызу арқылы жасалады. Кейбір көлдерді одан ағып шығатын өзендер бойына бөгеттер тұрғызу арқылы су деңгейін жасанды түрде көтеріп су қоймасына айналдыруда. Олардың жасалуы – адамзаттың үлкен аумақтағы табиғи процестерге араласуының үлгісі болып табылады.
Су бөгені – бұл жасанды су қоймасы. Ол судың уақыт бойынша жинақталуын, ұсталып тұруын, сақталуын және дұрыс бөлінуін яғни өзендегі судың ағуын дұрыс қадағалау негізінде халық шаруашылығының қажеттілігін қанағаттандыру үшін тұрғызылады.
Су қоймаларының негізгі параметірлері болып алып жатқан ауданы, көлемі және эксплуатация жағдайында су деңгейінің ауытқу амплитудасы жатқызылады. Су қоймаларын салу су ресурстарын барынша толыққанды қолдануға мүмкіндік береді. Су қоймаларын тұрғызу энергетикаға, су транспорттарына, қалалармен ірі кәсіп орындарын сумен қамтамасыз ету, ауылшаруашылыққа, балық кәсібін жақсартуға, туризмді дамыту жолындағы және тағы да басқа маңызды мәселелерді шешуге көмектеседі. Су қоймаларын салу су ресурстарын барынша толыққанды қолдануға мүмкіндік береді. Су қоймаларындағы үлкен су қоры су беткейінде судың мұз болып қату уақытының және еру уақытының өзгерісніне алып келеді. Ірі су қоймалар іргелес жатқан территорияның термикалық режимінің өзгерісінде байқалады және жағада жауын-шашын жаууының ұлғаюына алып келеді.
Дегенмен табиғи жағдайда мақсатты түрде өзгеріс болатын жағдайлардан өзге кері әсерлер де байқалады. Табиғаттағы келеңсіз өзгерістер көптеген алыс аумақта орналасқан құрлық пен көлдерге кері ықпалын бірнеше жылдар тіпті онжылдықтар бойы тигізуі мүмкін. Ол өзгерістерге балық түрлерінің азаюын, биологиялық өнімнің өзгерісін, жердің құрғап кетуін немесе керісінше су басуын, су жағалауларының өзгеруін, көшкіннің пайда болуына ықпал жасалуын, топырақтың тұздануын сондай-ақ метеорологиялық режимнің өзгеруін және т.б. жатқызуымызға болады.
Су қоймасы - су алмасудың спецификалық ерешеліктеріне, деңгейінің мезгілдік өзгерісне ие ішкі тоғандардың ерекше категориясы болып табылады. Су қоймаларының қоршаған ортаға әсерін бағалау үшін әр түрлі климаттық зоналарда жүргізілген зерттеулер, метеорлогиялық өлшемдердің мезгіл бойынша әрбір климатта өзіндік ерекшелігіне ие болатынын көрсеткен4. Су қоймалардың көмегімен көптеген шаруашылық мәселелер шешіледі:
1) халықтың, өндірістің және ауылшаруашылықтың сумен қамтамасыз етілуіне кепілдік беріледі;
2) өзендердің гидроэнергетикалық потенциалын қолдану үшін қолайлы жағдайлар жасалады;
3) су тасымалы жағдайымен орман ағаштары тасымалы жағдайын жақсартады;
4) балық шаруашылығы, жануарлар фермалары мен суда жүзетін құстардың дамуы қамтамасыз етіледі;
5) демалыс орындарын ұйымдастыру үшін жаңа мүмкіндіктер туады;
6) жақын жердегі климат жұмсарады;
7) су қоймалары су тасқыны болудан қорғайды және ағызу арқылы өзен суының сапасын жақсартады;
Генезисіне байланысты су қоймаларының келесі түрлерін бөліп қарастыруға болады:
1) өзен бойындағы су қоймасы – бөгендермен бөгеттелген болады. Олардың формасы ұзына бойы созылған түрде келеді. Негізгі ерекшелігі су қоймасы түбі еңкейіп орналасады және соған сәйкес тереңдігінің су қойманың бекітілу нысанасына дейін артуы;
2) реттелген көл. Олар доғал немесе әлсіз созыңқы формасынада болады. Ерекшелігі бір бағыттағы еңістіктің болмауы және ең терең жерлері орталық бөлігінде орналасуы;
3) көл- өзенді аралас су қойма. Өзінің жіңішке созыңқы келген бөгенді бөлігімен ерекшеленеді;
4) толтырылмалы су қоймасы каналдар арқылы судың келуі арқылы толтырылады. Көбіне құрғақ аймақтарға салынады.;
5) жерасты су қоймалары. Оларды жасау негізінде жерасты бос жерлерді қолдану болып табылады;
6) теңіз жағалауларындағы теңіздік су қоймалары. Яғни шығанақтарда эстуариларда және тағы да басқаларында жасалады;
Қапшағай су қоймасын генезисіне байланысты өзен бойындағы су қоймасының түріне жатқызамыз5.
Ірі су қоймаларын орнатуда оны жоспарлауда, құрылысын жүргізуде және де эксплуатация кезінде қиындықтар туындайды. Оны бірінші яғни- жобалау кезіндегі және екінші- гидравликалық жұмыстар мен қоймаларының құрылысы нәтижесі кезінде пайда болатын деп бөліп қарастыруға болады. Бірінші және екінші мәселелерді ескере отырып өзендердің гидротехникалық ағынын реттеудің негізгі салдарын анықтауға болады. Ал ол қоршаған ортаға және шаруашылыққа оң немесе теріс әсерін тигізеді:
1) ірі гидроэлектростанция құрылыстарын және су қоймаларын салу үшін жер учасклерін алу;
2) су қоймалар суымен су басатындықтан жердің мелиоративті күйінің нашарлауы;
3) су бөгенінің төменгі бөлігінде яғни өзен ағыны арнасымен сәйкес келгендіктен жердің су басу бөлігінің ұлғаюы;
4) көктемгі су тасқыны кезінде бөгендердің төмені бьефінде орналасқан сулы-батпақты жерлердегі су басу жиілігінің және ұзақтығының қысқаруы;
5) өзеннің санитарлық күйінің өзгеруі, судың физико-химиялық және медецина-биологиялық құрамының өгеруі;
6) климаттық және ландшафтық жағдайлардың өзгеруі.
Бөгендердің қоршаған ортаға әсерін кешенді түрде зерттеу алғаш 20-шы жылдары Ресейде ең алғашқы Волховский гидроэлектростанциясын жобалауда жүргізілді. Кейіннен салыстырмалы түрде ауқымды комплексті базада зерттеу шамамен 60-шы жылдары кеңестік социалистік республикалар одағының (КСРО) география институтының ғылыми академиясында дами түсті.
Су қоймаларының жергілікті климатқа әсерінің әдістері көптеген еңбектерде қарастырылған. Соның негізінде метеорологиялық элементтердің абсолютты мәндерін қысқа кезең аралығында салыстыру арқылы жағалау аймағындағы климаттың өзгерісі жайында қорытынды жасауға болмайтыны тәжірибе жүзінде анықталған. Жергілікті климатқа су қоймаларының әсерін бағалау үшін жауын-шашынның кеңістіктік айырмашылығын, ауа температурасы, ауа ылғалдылығын екі станция мәліметтерін пайдалану арқылы жасалатын әдісті пайдалану дұрыс болып есептелінеді. Метеостанцияның бірі су қоймасының ауағында орналасса, екіншісі ол жерден алшақ орналасады. Яғни метеоэлементтердің кеңістік бойынша айырмашылығы олардың абсолютті мәндеріне қарағанда әлдеқайда тұрақты болып келеді. Олар тек метеостанцияның орынын ауыстырғанд, я болмаса жаңа құрылс орындарын салғанда өзгеріске ұшырауы мүмкін. Кеңістіктік айырмашылық әдісін қолдану климаттың жалпы өзгеруінің әсерін ескермей қарастыруға мүмкіндік береді. Бұл әдістер алғаш Куйбыш, Рыбинский су қоймаларының қарқындылығын анықтау мақсатында және әсер ету шекарасын білуге қолданылған. Жағалау аймақта спецификалық климаттың болуы су мен құрлықтың физикалық құрылымының әр түрлі болуымен түсіндіріледі. Біріншіден, су беткейі максималды жылуөткізгіштігімен ерекешеленеді. Екіншіден, су беткейі ең аз мөлшердегі шағылдыру қасиетіне ие және тайга ормандарымен салыстырғанда судың альбедосы 2-4 % дейін, ал жазықтықпен салыстырғанда 8-12 % дейін аз. Үшіншіден, сулы беткей құрлыққа қарағанда тегіс беткей болып есептеледі Ал ол су бетінен өтетін желдің жылдамждығын және ауа ылғалдығын көбейтеді. Аталған үш фактор су қоймасының бетімен қозғалып кейінен жағалауға келетін ауа массаларының қасиеттерінің өзгеруіне алып келеді.
