Қапшағай су қоймасының гидрологиялық жағдайы туралы не білеміз

Қапшағай су қоймасы маңындағы ауа массасының өзгеруі оның алып жатқан аумағына тікелей байланысты. Зерттеулер көрсеткендей, метеорологиялық көрсеткіштердің ауытқуы су мен құрлық арасындағы температура айырмашылығына тәуелді. Осы орайда El.kz ақпарат агенттігінің тілшісі ғалымдардың дерегіне сүйене отырып, су айдыны туралы шолуды назарларыңызға ұсынады.
Қапшағайда жазда айналасын салқындатса, қыста керісінше, жұмсақ климат қалыптастырып, ауа райына айтарлықтай әсер етеді.
Ал бұл айырмашылық келесідей анықталады:
1) су қоймасының географиялық орнына байланысты;
2) су қоймасының қасиеттеріне (қалыпына, өлшеміне, судың мөлдірлігіне, тереңдігіне және де тағы басқаларына) байланысты;
Су қоймасының термикалық жағдайын көрсететін ең маңызды көрсеткіші ретінде су қоймасының тереңдігі болып саналады. Су массасы неғұрлым көп болса, соғұрлым әсері де көп. Бірақ, бірдей климаттық зонадағы су мен ауа арасындағы температура айырмашылығы кішігірім және ірі терең су бөгендері үшін айтарлықтай айырмашылыққа ие болады.
Су қоймасының жағалау аймағындағы ауа температурасына әсерінің екі кезеңі бар: салқындату және жылыту кезеңдері. Көктемде, және жаздың бірінші жартысында су қоймасының тереңдігіне тәуелсіз, жағадағы ауа температурасы жағадан алшақ жердегі температураға қарағанда төмен болады. Жаздың екінші жартысында және күзде су қоймасы оның үстінен өтетін температура шамасын жоғарлатады. Салқындату және жылыту кезеңдерінің болу уақыты және ұзақтығы географиялық ендікпен тығыз байланысты.
Тайгалық аумақтағы кіщігірім су қоймалары мұз еріп кеткеннен кейін аса ұзақ емес уақытта жағалау аймағын салқындатады. Ал оңтүстіктік су қоймаларында салқындату кезеңінің ұзақтығы бес айға дейін созылады. Ол су қоймаларға ертерек су жіберу әсермен де және ұзақ уақытқа созылатын жаздағы салқындатушы әсермен түсіндіріледі.
Терең су қоймалары баяу жылынады, сондықтан да солтүстікте салқындатушы әсер тамыз айына дейін созылса, ал жазық және орманды жерлерде суды ерте жіберудің әсерінен 4-5 айға дейін созылады.
Температурамен қоса жағалуда ауа ылғалдылығы да өзгеріске ұшырайды. Жаздыгүні ауа ылғалдылығының максималды ұлғаюы оңтүстік аймақтағы терең су қоймаларын тән.
Су қоймаларының салыстырмалы ылғалдылыққа әсері күрделі болып келеді. Көктемде және жаздың бірінші жартысында әсірісе күндіз салыстырмалы ылғалдылық жағалауда шамамен 6-12 % жоғары. Мамыр, шілде айларында күндізгі уақыттарда айырмашылық 10-15 % көрсетуі мүмкін. Жағалаудағы бұл метеорологиялық режимнің қасиетін жазда жағажайда байқауға болады. Күзге қарай жағалаудағы және континеттегі салыстырмалы ылғалдылық теңеседі, ал түнде жағлауда 2-4 % дейін құрғақ болады.
Ал су қоймаларының климатқа әсер ету шекарасы жайында әр түрлі көзқарастар қалыптасқан. Оның бірінде, су қоймасы жергілікті климатқа айтарлықтай қатты әсерін тигізеді, ал құрылыстардың көптеп салынуы үлкен кеңістіктегі гидрологиялық циклдің өзгеруіне алып келеді дейді. Және бұған қарама қарсы көзқарас су қоймасы жергілікті климатқа әсері аз деп есептейді.
Су қоймасларының әсер ету аймағын екі жағдайда қарастыруға болады: ресми және нақты. Егерде су қоймасы температураға 0,1-0,05 С дәлдікпен әсер етеді дейтін болсақ, онда әсер ету аймағын 20-50 километр деп санауға болады. Ал тәжірибе бойынша су қомасының ісері бар деп температура 0,2С, ал ауа ылғалдылығы 0,1 милибарға тең болғандығын айтамыз. Мұндай кезде су қоймасының климатқа үнемі әсер ету аймағы 5-10 километрді құрайды, ал су мен ауа арасындағы айтарлықтай температура контрасты байқалғанда шамамен 20 километрді құрайды.
Сонымен қатар салқындатушы әсер аз арақашқтықта, ал жылытушы әсер одан ұзағырақ арақашықтықта әсер ететіні анықталған. Әсер ету аймағының ені су қоймасының әр жағалауында әркелкі, себебі ол сол аймақтың жел раушанын тұрғызу арқылы анықталады.
Кумскова Н.Д Зей су қоймасының салынғанға дейінгі және салынғаннан кейінгі жергілікті климатқа әсерін зерттеген. Зерттеу мақсаты су қоймасын суға толтырғаннан кейінгі белсенді температура суммасын, көп жылдық температура және жауын-шашын мәндерін, жылы және аязсыз кезеңдердің ұзақтығын анықтау болған.
Ол үшін су қойманың оңтүстігінде орналасқан Зея метеостанциясының және солтүстігінде орналасқан Бомнак метеостанциясының бақылау мәліметтерін қолданған. Және температуралық режимнің анализі су қоймасы салынғаннан соң ауаның орташа жылдық температурасы Зеяда 1,5 С – қа , ал Бомнакта 1,1С – қа жоғарлағанын көрсеткен. Айтарлықтай үлкен мәнге жоғарлау қараша айынан ақпан айында дейін созылған және ол 2,3-3,5С –ты және 1,4-2,5 С – ты құраған. Мұзсыз су беткейінің температурасы аздап қана жоғарласа, ал Бомнакта тамыз айында тіпті 0,2С – қа төмендеген. Мұнымен қоса су қоймасы салынған соң бұдан бұрынғы кездегідей қатты аяздар байқалмаған. Судың әсерінен температуралық өлшемдер бірнеше километр шама аралығында өзгерген.
Осы су қойманың салынуы температураның 1,5С – қа жоғарлауына, 17 күнге оң таңбалы температурамен болуына және 11 күн аязсыз болуға әсерін тигізген, Және де температураның абсолютті минимум мәні 6,3С – қа жоғарлаған. Ал су қойманың бұл көрсеткіштері солтүстігінде төменірек мәнді көрсетеді. Жалпы айтқанда Зей су қоймасының жергілікті климақа әсерін сол аймақтағы климаттың жұмсаруына яғни ауылшаруашылыққа оңтайлы әсерін тигізген.
Су қоймалары әсерінен бір жыл немесе бір тәулік кезеңіндегі атмосфера циркуляциясының вертикалды күші сызықты өлшемі 200-300 километрді құрайтын үлкен су объектілері үшін белгілі. Сондай-ақ осы әсердің таралуын анықтау үшін горизонтальді қашқтығы да анықталған. Теңіз үлкен болмағанымен, тәуліктік циркуляцияның әсерінен ол шамамен 150 километр арақашықта ықпалын тигізеді.
Және де ірі су қоймаларда Кариолис күшінің әсерінен циркуляция горизонтальді беткей бойынша ауытқиды. Кішігірім су қоймаларда процестердің жылдамырақ жүруінен тәуліктік циркуляция вертикалды беткей бойынша жүреді.
Қапшағай су қоймасында су толтырылмас бұрын желдің ауысуының келесідей заңдылықтары байқалған: күндіз және кешке оңтүстік құраушыларымен батыс желдері байқалса, таңертең – аңғар бойымен қозғалатын шығыс желдері байқалған. Х.А.Ахмеджанов, А.Ф.Платонова зерттеулері бойынша Капшағай бөгенінің орташа енінде бақылау пунктінен 20 километр қашықтықта бриздік циркуляцияның төменгі ағынының биіктігі 400-450 метрге тең болған. Бриздің максималды мәні 150 метр биіктікте байқалған. Дегенмен су қоймасының әсерін бағалау мүмкін болмаған, себебі бриздік циркуляцияның вертикалды күштілгі мен оның таралуы жергілікті жердің ендігіне және су қоймасының еніне өте қатты байланысты екен. Зерттеу нәтижелері Капшағай су қоймасының әсері 4 километр қашықтықта байқалатыны анықталған. Ал шығыста яғни су қойманың ені шамамен 8 километрге тең аймақта бұл қашықтық 1,5 километрге дейін қысқарды деп зерттелген.
Су қойманың жақын жердегі құрлыққа әсері деп тәулік ішінде температураның өзгерісін, жел, ауа ылғалдылығының өзгерісін айтамыз.Бұл зерттеу жұмысы нәтижесінде Каспий теңізіндегі жергілікті циркуляцияға қарағанда Қапшағайдағы циркуляция 3 есе әлсіз екені анықталған. Тіпті вертикалды циркуляцияның әлсіздігінен будақ бұлттардың дамып жауын-шашынның жауу процесінің болуына әкелмейтініне көз жеткізген.
Су қоймаларын адамдар өз қажеттіліктеріне байланысты құрып, пайдаланса да, олар табиғат заңдарына сай дамиды және оған өз әсерін тигізеді, сонымен бірге онымен тығыз байланысты және қазір оның ажырамас негізгі бөлігі болып табылады.
Суды ирригациялық және энергетикалық пайдалануды бірлесіп пайдаланудың және ирригация мен гидроэнергетика арасындағы ықтимал болуы мүмкін жанжалды жағдайлардың алдын алудың түбегейлі шешімі үлкен көлемді су қоймалары бар жаңадан су электр станциялары құрылыстары арқылы бірлесіп дамытуға болады. Су қоймаларын салу қолжетімді әрі экологиялық энергия өндірісін ұлғайтуды, ирригация үшін – бұрыннан игерілген жерлердің ағынын және сумен қамтамасыз етілуін көпжылдық реттеудің тереңдігін арттыруды, сондай-ақ жаңаларын игеру мүмкіндігін білдіреді.
Су қоймалары бар бірнеше су тораптарының болуы гидроэнергетика мен ирригация арасындағы қайшылықтарды шешуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда (Чодураев Т.М., Акматов, Р.Т., 2012) олардың арасындағы қақтығыс аймақтағы екі негізгі өзеннің бассейндерінде су қоймасы бар бір ғана үлкен су торабы бар: Қырғызстандағы Сырдария – Тоқтоғұл, Тәжікстандағы Амудария – Нурек. Өзендегі жалғыз ірі су торабы бір мезгілде ирригациялық және энергетикалық режимде ағынды реттеуді қамтамасыз ете алмайды. Су қоймаларын салу сол күрделі мәселелердің шешімін табуға мүмкіндік береді.
Осы өзендердің әрқайсысында тағы бір ірі су торабын салу жағдайды түбегейлі өзгертеді. Егер екі емес, су қоймалары бар су тораптары көп болса, жағдай одан да жақсарады (Normatov, I., Petrov, G.,2005; 293). Біздің республикамызда су қоймаларының салынуы, құрылысы 1935 жылдан бастап қарқынды дами бастады. Қазіргі таңда жалпы сыйымдылығы шамамен 170 млн. м3 және ауданы 76 км2 болатын 10 шағын су қоймасының құрылысы аяқталды. Су қоймаларының көпшілігі республикамыздың орталық, оңтүстік және шығыс бөлігінде орналасқан.
Қапшағай су қоймасы Қазақстан аумағында алып жатқан ауданы бойынша Бұқтырма су қоймасынан кейінгі екінші орынды алатын ірі су қоймаларының бірі болып табылады. 1970 жылы Қапшағай су қоймасы пайдалануға беріліп, қазіргі таңға дейін өз жұмысын жасауда.
Қапшағай су қоймасы Іле өзені орта ағысында, Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігінде Алматы қаласынан 75 км солтүстікке қарай орналасқан. Қапшағай су қоймасы Қапшағай қаласы маңында, Алматы облысының аумағында орналасқан. Қапшағай су қоймасының ең алғаш суға толтырылуы 1970 жылдан басталған. Ол энергетикалық және ирригациондық мақсатта салынған су қоймасы болып саналады. Су қоймасының алып жатқан ауданы 1847 километр квадрат, ұзындығы 187 километр, енді жері 23 километр, орташа алатын тереңдігі 15 метр, ең терең жері 46 метр алып жатыр. Су қоймасының алатын жалпы сыйымдылығы 28 километр кубты құрайды. Су жиналатын алабы 113 мың километр квадрат, жағасының ұзындығы 430 километрге дейін жетеді (Козыбаев, М. К., 1983, 608).
Қапшағай су қоймасы Іле өзені бойымен шығыстан батысқа қарай таралады. Сонымен қатар өзен жайылымының ең төменгі бөлігінде орналасады. Қапшағай су қоймасына оңтүстік жақтан көптеген таулы ағындар, атап айтқанда: Шарын, Шелек, Есік, Түрген, Талғар, Қаскелең және де тағы басқа таулы ағындар келіп қосылады. Су қоймасының жағасында соғатын желдер және толқынның әсерінен су қоймасы аумағында құмды жағажай пайда болса, ал су басқан сайларда шығанақ пайда болған (Малиновская, А.С., Тэн, В.А.,1983; 208).
Қапшағай су қоймасы жағалауындағы климат күрт континентальды, ыстық әрі құрғақ жазымен және Қазақстан мен Орта Азияның далалары мен шөлдері үстінде пайда болатын батыс және шығыс бағыттағы жиі желдері байқалады. Қыс айының климаттық жағдайлары негізінен Шығыс Сібір мен Моңғолияның үстінде қалыптасатын құрғақ және өте суық ауаның тұрақты солтүстік-шығыс ағынының таралуымен анықталып отырады. Су қоймасының аумағында өтпелі кезеңдер өте қысқа болып келеді.
Су қоймаларының қоршаған ортаға әсерін кешенді түрде зерттеу ең бірінші (Лабстиков, С.В., Корпачев, В.П.,2006;151) 20-шы жылдары Ресейде, Волховский су электр станциясын жобалау негізінде жүргізілген болатын. Бірнеше уақыттан соң салыстырмалы түрде ауқымды кең көлемді, комплексті базада зерттеу тек 60-шы жылдары Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (КСРО) география институтының ғылыми академиясында жүзеге асырылып, дами түсті.
Су қоймаларының жергілікті климатқа әсерінің әдістері көптеген шетелдік еңбектерде (Anandhi, A., Frei, A., Pierson, D.C., Schneiderman, E.M., Zion, M.S., Lounsbury, D., Matonse, A.H., 2011; Borowiak, D., Baranczuk, J., Nowinski, K., 2008;148) кеңінен қарастырылған. Зерттеулер нәтижесінде метеорологиялық параметрлердің абсолютті мәндерін қысқа кезең аралығында салыстыру арқылы, су қоймасының жағалау аумағындағы климаттың өзгерісі жайында қорытынды жасау тәжірибе жүзінде анықталған. Су қоймаларының аумақтың климатына әсерін бағалау үшін жауын-шашынның кеңістіктік таралуын, ауа температурасының жүрісін, ауа ылғалдылығының өзгерістерін екі станциядан алынған мәліметтерді пайдалану арқылы салыстыра отырып жасалатын әдісті пайдалану дұрыс шешім болып есептелінеді. Осылай анықтау үшін метеостанцияның бірі көрсетілген су қоймасының аумағында орналасса, екіншісі ол су қоймасының аумағынан жерден бірнеше километрге алшақ орналасуы шарт. Яғни метеорологиялық параметрлердің кеңістіктік өзгерісі олардың берілген абсолютті мәндерімен салыстырғанда тұрақты болып келетінін байқатты. Мәндер тек берілген метеостанцияның орнын ауыстырғанда, не сол аумақта жаңа құрылыс орындарын салғанда өзгеріске ұшырауы мүмкіндігін көрсетті. Яғни, аумақта кеңістіктік айырмашылық әдісін қолдану климаттың жалпы өзгеруінің әсерін ескермей зерттеуге мүмкіндік береді. Бұл аталған тәсіл ең бірінші Куйбыш, Рыбинский су қоймаларындағы қарқындылығын есептеу мақсатында және олардың әсер ету шекарасын білу үшін пайдаланылған. Су қоймасының жағалау аймағында спецификалық климаттың болуы сол су мен құрлықтың физикалық құрылымының әр түрлі болуымен бағаланады. Ең алдымен, су беткейі өзінің максималды жылу өткізгіштігімен бағаланады. Ал екіншіден, су беткейі ең аз мөлшердегі шағылдыру қасиетін айтуға болады және тайга ормандарымен салыстырғанда судың альбедосы 2-4 % дейін, ал жазықтықпен салыстырғанда 8-12 % дейін аз болып келеді. Үшіншіден, сулы беткей құрлыққа қарағанда тегіс болып келеді. Осы айтылған сипаттамалар, су бетінен өтетін желдің жылдамдығы мен ауа ылғалдығын көбейтуге өз әсерін тигізеді, сонымен бірге су қоймасының бетімен қозғалып, содан соң жағалауға келетін ауа массаларының қасиеттерінің өзгеруіне әкеледі.
Су қоймасының тереңдігі ол су қоймаларының термикалық жағдайын сипаттайтын маңызды көрсеткішінің бірі болып табылады. Су массасының елеулі көп болуы, соғұрлым оның әсерінің де көп болатындығын көрсетеді. Алайда, ұқсас климаттық зоналардағы су мен ауа температурасының айырмашылығы кішігірім және ірі терең су қоймалары үшін де атап айтарлықтай айырмашылыққа алып келеді. Ауа температурасының су қоймасының жағалау аймағындағы әсерін екі кезеңде қарастыруға болады: салқындату және жылыту кезеңдері. Көктем мен жаздың бірінші жартысында су қоймаларының тереңдігіне қарамастан, жағалаудағы ауа температурасы жағалаудан алыс жердегі температураға қарағанда төмен. Ал жаздың екінші жартысы мен күзгі уақытта су қоймасы оның үстінен өтетін температураны жоғарлатады.
Аталған кезеңдердің уақыты және ұзақтығы географиялық ендікпен тығыз байланысты болып келеді. Тайгалық аумақтардағы су қоймаларында мұз ерігеннен кейін аса ұзақ емес уақытта жағалау аймағын салқындататын әсер береді. Ал оңтүстіктегі су қоймаларында салқындату кезеңі ұзақтығы бес айға дейін созылады, су қоймаларға ертерек су жіберу әсерімен де және бірнеше уақытқа созылатын жаздағы салқындату әсерімен түсіндіріледі.
Терең су қоймалары баяу жылынады, сол себепті де солтүстікте салқындатушы әсер тамыз айына дейін созылса, ал жазық және орманды жерлерде суды ерте жіберудің әсерінен 4-5 айға дейін созылады. Температурамен бірге жағалау аумағында ауа ылғалдылығы да өзгерістерге ұшырайды. Жаздың күні ауа ылғалдылығының максималды мәні оңтүстік аймақта орналасқан терең су қоймаларын тән болып келеді.
Су қоймалары сонымен қатар салыстырмалы ылғалдылыққа да тигізетін әсері зор. Көктем және жаздың алғашқы жартысында, атап айтқанда күндізгі уақытта салыстырмалы ылғалдылық жағалау маңында шамамен 6-12 % дейін жоғары болып келеді. Су қоймаларында мамыр, шілде айларында күндізгі кезде айырмашылығы 10-15 % дейін жетуі мүмкін. Жағалау аймағындағы бұл метеорежимнің өзгерісін жазда кездестіруге болады. Күзгі кезеңде жағалаудағы және континенттегі салыстырмалы ылғалдылық теңеседі, ал түнде жағалауда 2-4 % дейін құрғақ болады.
Климатқа су қоймаларының әсер етуі туралы әр түрлі көзқарастар мен ойлар қалыптасқан. Мысалы, су қоймасы жергілікті климатқа өте қатты әсерін тигізеді, ал құрылыстардың көптеп салынуы үлкен кеңістіктегі гидрологиялық режимнің өзгерісіне алып келеді деген және осыған қарама қарсы көзқарас су қоймасы жергілікті климатқа әсері аз деген де ойлар қалыптасқан. Су қоймасының әсер ету аймағын екі топқа бөліп қарауға болады: ресми және нақты. Егер де су қоймасындағы температураға 0,1-0,05 С әсер етеді десек, онда әсер ету аймағын 20-50 км деуга болады. Тәжірибе нәтижелері бойынша су қоймасының әсері бар деп айтуды температура 0,2 С, ал ауа ылғалдылығы 0,1 милибарға тең болған кездегісін ескертеді.
Сонымен бірге су қоймасының салқындатушы әсері аз арақашықтықта, ал жылытушы әсер одан ұзақ арақашықтықта әсер ететіні анықталған. Әсер ету аймағының ені су қоймасының әр жағалау аумағында әркелкі, ол сол аймақтың жел графигін тұрғызу арқылы анықталады (Арсеньев, Г.С., 2005;231).
Кумскова Н.Д (Кумскова, Н.Д.,2009; 61) Зей су қоймасының салынғанға дейінгі және салынғаннан кейінгі кезеңдегі жергілікті климатқа әсерін қарастырған. Зерттеу мақсаты су қоймасын суға толтырғаннан кейінгі температура өзгерісін, көп жылдық температура және жауын-шашын мәндерін, жылы және аязсыз кезеңдердің ұзақтығын анықтау болған.
Қапшағай су қоймасының физикалық-географиялық жағдайы
Қапшағай су қоймасы Қазақстан бойынша ауданы бойынша Бұқтырма су қоймасынан кейінгі екінші орынды иеленіп, ірі қойманың біріне жатқызылады. Қапшағай су қоймасы падалануға 1970 жылы беріліп, қазіргі таңға дейін іске қосылған.
Су қоймасының қысқаша сипаттамасы. Қапшағай су қоймасы Іле өзенінің орта ағысында Қазақстанның оңтүстік-шығысында Алматы қаласынан 75 км солтүстік бағытта тұрғызылды. Қапшағай бөгені Қапшағай қаласы маңайында Алматы облысысның территориясында орналасқан. Қапшағай су қоймасының суға толтырылуы 1970 жылдан басталды. Қапшағай су қоймасы Қазақстанда ауданы бойынша Бұқтырма су қоймасынан кейінгі екінші орынды иеленіп, ірі қойманың біріне жатқызылады. Су бөгені энергетикалық және де ирригациондық мақсатта салынған. Ауданы 1847 километр квадрат, ұзындығы 187 километр, енді жері 23 километр, орташа тереңдігі 15 метр, ең терең жері 46 метр. Шарасының жоспарлы сыйымдылығы 28 километр кубты құрайды. Су жиналатын алабы 113 мың километр квадрат, жағасының ұзындығы 430 километр.
Қапшағай бөгені шығыстан батысқа қарай Іле өзені бойымен таралады және де өзен жайылымының ең төменгі бөлігінде орын алады. Бөгеннің солтүстік жағасы құмды-малтатасты, едәуір бөлігі биік және тік жарлы, оңтүстік жағасы аласа, жайпақ, құмды, саздақты келеді. Оңтүстіктен бөгенге көптеген таулы ағындар келіп қосылады: Шарын, Шелек, Есік, Түрген, Талғар, Қаскелең және де тағы басқалары. Бөген жағалауындағы жел және толқынның әсерінен құмды жағажай пайда болса, ал су басқан сайларда шығанақ пайда болған [8].
Қапшағай су қоймасының гидрологиялық жағдайы. Қапшағай су қоймасының учаскесі Қытай шекарасынан (Дубунь қайраңы) Қапшағай ГЭС-на дейін ұзындығы 330 км. құрайды. Өзеннің ірі салалары: Түрген, Талғар, Шілік, Усек, Курты, Қаскелең, Шарын.
Іле өзенінің су деңгейінің жылдық барысы көктемгі су тасқынының нақты көрінетін толқынымен және салыстырмалы төмен жазғы-күзгі сабамен сипатталады.
Іле атырауының аумағы 9000 ш.км. Іле аңғарының ені 200 м-ден 15 км-ге дейін. Іле өзені сулылығы бойынша Ертіспен Жайықтан кейін Қазақстан бойынша үшінші өзен. Жылдық орташа су шығыны (Қапшағайда) 472 м/с. Негізінен қарлы және мұзды суымен қоректенеді. Өзендегі судың ең жоғары деңгейі шілде – тамыз айларында байқалады. Қараша айының соңында өзен қатады және сәуір айының басында мұздан босатылады.
Іле өзенінің бассейнінде көктемгі су тасқыны әдетте наурыздың екінші онкүндігінде, ерте көктемгі су тасқыны - наурыздың басында, кешіккен көктемгі су тасқыны - сәуірдің бірінші жартысында басталады. Деңгейлердің басылуы әдетте олардың көтерілуіне қарағанда айтарлықтай баяу жүреді. Көктемгі су тасқыны кезінде Іле өзені орта және төменгі ағысында (сыналау аймағы) қуатты ағынға айналып, көптеген километрлерге құйылады. Көктемгі сулар жағалау учаскелерінің енін бірнеше метрге шайып тастайды .
Көктемгі және жылдық ағынның шамасын анықтайтын басты климаттық факторлар, қар еруінің басында өзеннің бассейнінде қардың қоры, су тасқыны кезеңінде жаңбырлы жауын-шашындар, ылғалдану деңгейі және топырақтың қату тереңдігі, қар еруінің қарқындылығы болып табылады.
