Жаңалықтар

Қапшағай су қоймасы маңындағы климат: ауа райының ерекшеліктері қандай

Қапшағай су қоймасы маңындағы климат: ауа райының ерекшеліктері қандай
Фото: © El.kz 11.04.2025 02:31 484

Қапшағай су қоймасының маңындағы климаттық жағдайлар күрт континентальды сипатымен ерекшеленеді. Мұнда жазы – құрғақ әрі ыстық, ал қысы – суық және ұзақ. Желдің жылдамдығы жоғары, жауын-шашын мөлшері аз. Ал қатқыл табиғи орта бұл аймақтағы экожүйе мен шаруашылық жүргізу жағдайына тікелей әсер етеді. Осы орайда El.kz ақпарат агенттігінің тілшісі ғалымдардың еңбегін талдап көрген болатын. 

Жаратылыстану ғылымдарының магистрі Әйгерім Керімқұлованың еңбегінде Қапшағай су қоймасы ауданындағы климат күрт континентальды, құрғақ ыстық жаз және батыс және шығыс бағыттағы жиі желдер, Қазақстан мен Орта Азия далалары мен шөлдерінің үстінде қалыптасқаны айтылады. Ауа-райы күрт - құбылмалы, қысқы суықпен жазғы ыстық. Ауа-райының ерекшелігі жылдар бойынша оның құрғақшылығы мен жауын-шашынның әркелкілігі болып табылады. Жылына орта есеппен 290 мм. Жауын неғұрлым шілде, тамыз айларында жиі түседі, ал мамыр және маусым айларында сирек түседі.

Желдер солтүстік-батыс және шығыс бағыттары басым болады. Жылдамдығы 15 с/м мықты желдер сәуір және мамыр айларында жиі байқалады. Әдетте күшті желдер әсіресе қуаң ауа райында көп мөлшерде шаң мен құмды көтереді. 20 м/с жылдамдықтан аса желді дауыл салыстырмалы түрд сирек пайда болады, дауылдардың қайталануы айына бір реттен аспайды. Тұмандар көбінесе қазан айынан бастап желтоқсан айы аралығында таңғы уақыттарда болады және 5-8 сағат ішінде тұрады. Кейде таңғы уақытта жиі тұман қазан-желтоқсан айларында болады.

Қапшағай су қоймасы маңындағы климат шұғыл континетті. Жазы .Қазақстанның және Орта Азияның жазық және шөлді жерлерінде қалыптасатын батыс және шығыс желдерінің жиілігімен және құрғақ, ыстық болуымен ерекшеленеді Қыстың климаттық жағдайлары Шығыс Сібір мен Монғолияда қалыптасатын тұрақты солтүстік-шығыс ағынының құрғақ және өте суық ауасының таралуымен анықталады. Өтпелі мезгілдер бұл аймақта ұзаққа созылмайды.

Су қойма маңындағы орташа жылдық температура 8,7-8,90С аралығында ауытқиды. Ауа температурасының абсолютті минимумы қаңтар айында минус 44 0С құраған, теріс таңбалы температура көрсеткіштері маусым мен тамыз аралығында байқалмаған. Ал максимум температура мәні 44 0С. Соңғы көктемгі аяздар орташа алғанда 19-22 сәуірде, ал алғашқы күздік аяздар 4-7 қазанда байқалады. Аязсыз күндердің орташа созылу ұзақтығы 165-170 күнді құрайды.

Қапшағай метеостанциясында Орташа жылдық температура 9,7 С құрайды. Жылына 267 милиметр жауын-шашын түседі. Тұмандар көбіне жылына орташа алғанда 18,3 рет байқалады.

Микроклимат жиынтық радияцияның ұлғаюымен және радияциялық баланспен анықталады. Су қойманың үлкен жылуөткізгіштігі құрлық пен су арасындағы температураның үлкен айырмашылығы байқалғанда өтпелі кезеңдерге әсерін тигізеді.

Көктемде су қойма жағасына салқындатушы ретінде ықпал етеді, ал жылы кезеңнің екінші жартысында керісінше жылытушы рөлді атқарады. Су қойманың әсерінен климаттың континентальдығы азаяды, температураның жүрісі бірқалыпқа енеді, температураның тәуліктік амплитудасы азаяды, көктемгі аяздар тоқтайды ал күздігүнгі аяздар кешірек байқалады.

Капшағай су қоймасы аймағында жазда да қыстада батыс желдер басым болады. Желдің орташа жылдық жылдамдығы 2,2 метр секундан 3,8 метр секунд аралығында ауытқиды. Құрлыққа қарағанда су беткейінің желге кедергісінің аздығынан жел жылдамдығы су қоймасы салынбай тұрған кезеңмен салыстырғанда 0,6 метр секундқа ұлғайған, штиль саны кеміген. Су қойма әсіресе жаздыгүні ылғалдылықтың жоғарлауына әсерін тигізді. Ол құрлыққа қарағанда буланудың көп болуымен түсіндіріледі. Ауаның абсолютті ылғалдылық мәнінің ең аз шамасы қаңтар айына, ал жоғарғы мәні шілдеге сәйкес келеді. Ауаның орташа жылдық салыстырмалы ылғалдылығы 53 %. құрайды. Жаз айларында су қоймаға құрлыққа қарағанда жауын-шашын аз түседі. Су қойманың жағалық аймағында су қойма салынбай тұрған кезеңге қарағанда жауын-шашын 30-50 милиметрге көбейді. Су қоймада наурыз айының бірінші декадасында мұз толығымен еріп, бірден судың жылынуы басталады.Бөгенде балықтың 26 түрі (ақмарқа, мөңке, тұқы, табан балық және де тағы басқалары) кездеседі, олардың ішінде 16 түрінің кәсіптік маңызы бар. Жылына 2 мың тоннадай балық ауланады. Бөген суымен 450 мың гектардан астам жер суғарылады. Онда күріш, бақша дақылдары егіледі. Сонымен бірге шабындық және жайылым суландырылады, Қапшағай қаласының кәсіпорындары пайдаланады.

Қоршаған ортаның комфорттылығы күн радиациясынан басқа да метеорологиялық параметрлерге байланысты болып келеді. Олар ауа температурасы, жауын-шашын мен ауа ылғалдылығы деп айтуымызға болады. Аталған метеопараметрлердің барлығы да сол аумақтың рекреациялық әлеуетін көрсететін фактор болып табылады. Дегенмен де ең бірінші қарастырылатын аумақтың адам өмірі мен демалуына жайлылығы ауа температурасының жүрісіне байланысты баға беріледі.

Тәжірибе мен бақылаулар қоршаған ортаның жылу жағдайлары адам ағзасы үшін ең маңызды екенін растайды. Биоклиматолог Н. Н. Галахов "ауа температурасы - бұл климаттық дамудың барлық компоненттерінің әсерін жақсы көрсететін синтетикалық элемент: күн радиациясы, атмосфералық айналым және жер беті" Нәтижесінде ол "әртүрлі табиғи құбылыстардың даму қарқынына жетекші әсер етеді" деген. Зерттеулер көрсеткендей, ауа температурасы негізінен күн радиациясымен анықталады. Оның күндізгі және түнгі уақытқа өзгеруіндегі айырмашылықтар температураның тәуліктік ауытқуын, ал әртүрлі маусымдық-жылдық ауытқуларын анықтайды.

Cу қоймалары салынғаннан кейін сол аумақтың климатына өз әсерін тигізетіні белгілі. Бірақ та Қапшағай су қоймасының құрылысы салынғанға дейін және кейін қалай өзгеретіні аса зерттелмеген. Алайда шетелдік ғалымдардың жұмыстарында су қоймаларының салынуы сол аймақтың климатына айқын әсер ететіндігін көруімізге болады. Қапшағай су қоймасындағы ауа температурасының өзгерісі төмендегі кестеде көрсетілген.

 Қапшағай МС ауа температурасының өзгерісі берілген жылдар аралығында ауа температурасының өскенін көрсетеді. Нормамен салыстырғанда ауа температурасы жоғарылаған. Ауа температурасы сәуір және қазан айларында өскенін, ал наурыз, қараша айларында төмендегенін көрсетеді. Яғни мәліметтерді талдау көктем мен жаз мезгілінде ауа температурасының жоғарылауы су қоймасы аумағында температураның әр түрлі мәндері байқалуы ол су массасы термикалық режиміне байланысты екенін көрсетеді. Төмендегі кестеде Қапшағайдағы су мен құрлық температурасының орташа көпжылдық мәнідері келтірілген.

Кестеде көрсетілгендей, су мен ауа температурасының арасындағы ең айқын айырмашылықтар өтпелі кезеңдерде байқалады. Қаңтарда температура айырмашылығы 10 °С-тан асады. Тек сәуір мен маусым аралығында су мен ауа температурасының орташа айлық мәні арасында аса үлкен айырмашылық жоқ. Шілде айынан бастап айырмашылық белгісі өзгеріп, желтоқсан айына дейін 6,5 °С жеткен, сондықтан осы мезгілде су қоймасы жердің жылу режиміне айтарлықтай әсер етеді.

Температура өзгеруі су мен құрлықтағы ауа температурасының контрастына байланысты екенін көрсетеді. Ал бұл айырмашылық су қоймасының географиялық орнына мен су қоймасының қасиеттеріне (қалыпына, өлшеміне, судың мөлдірлігіне, тереңдігіне және де тағы басқаларына) байланысты болып келеді.

Аумақтың климатының көрсеткіші - бұл ауа температурасының орташа көпжылдық мәні, оң температуралардың мөлшері, орташа тәуліктік ауа температурасының өзгерістерін жатқызуға болады. Аймақтағы ауа-райының өзгерісін сипаттау үшін су қоймасына жақын орналасқан Қапшағай, Алматы ОГМС, Шелек метеостанцияларының бақылау мәліметтері алынды. Осы метеостанциялардың деректерін Қапшағай су қоймасына жақын орналасқан аумақпен салыстыру үшін станциялардағы температураның жылдық жүрісі көрсетілген (1-сурет).

Станцияларда температураның максимумы жазда шілде айына, ал минималды мәні қыста, қаңтар айында байқалған. Ауа температурасының максимум (25,3 °С ) және минимум мәні (7,8 °С) Қапшағай станциясында тіркелген.

Температура мәндерінің таралуы берілген станцияларда жыл мезгіліне байланысты бірқалыпты өсіп, бірқалыпты төмендеген. Барлық зерттеу нысандарында температуралардың көпжылдық орташа мәндерінің жүрісі негізінен бірқалыпты жүріс байқалған.

  Су қоймаларының қоршаған ортаға әсерін зерттеу әр түрлі климаттық зоналарда зерттеу, метеопараметрлердің өзгеруіне әсері жылдың әр кезеңінде өз әсерін көрсетеді. Қапшағай су қоймасының салынуының да климат өзгерісіне тигізетін әсерін зерттеу аса зерттелмеген тақырып болып табылады. Осылай анықтау үшін метеостанцияның бірі көрсетілген су қоймасының аумағында орналасқан Шелек станциясы, екіншісі ол су қоймасының аумағынан жерден 66 километрге алшақ орналасқан Алматы станциясы алынды. Яғни, аумақта кеңістіктік айырмашылық әдісін қолдану климаттың жалпы өзгеруінің әсерін ескермей зерттеуге мүмкіндік береді. Бұл аталған тәсіл ең бірінші Куйбыш, Рыбинский су қоймаларындағы қарқындылығын есептеу мақсатында және олардың әсер ету шекарасын білу үшін пайдаланылған.

  Қапшағай су қоймасы құрылысына дейінгі және құрылысы салынғаннан кейінгі кезеңдегі ауа температурасының өзгерісі берілген және ауа температураларының өзгерушіліктерінде біршама айырмашылықтары болған. Ауа температурасындағы айырмашылықтар қыс айында байқалған. Шелек станциясында су қоймасы салынғаннан кейін ауа температурасындағы ауытқушылықтар айқын көрінеді. Судың әсер етуі температураның біршама ауытқушылықтарына алып келген. Ауытқушылықтың максимум мәні Шелек станциясында 2,6 жеткен. Су қоймасынан 66 км қашықтықта орналасқан Алматы станциясына да әлсіз әсер еткенін көруге болады.

Мәселен, Қапшағай су қоймасының әсер ету аймағында Шелек станциясында ауаның орташа жылдық температурасы климаттық нормамен салыстырғанда 1,20 С (1950-1970 жж.құрылысқа дейін, 1971-1995 жж. құрылыстан кейін), Алматы станциясында 0,7 0С (1950-1970 жж.құрылысқа дейін, 1971-1995 жж. құрылыстан кейін) дейін өзгерген.

Қапшағай су қоймасын салғаннан кейін жылдың барлық мезгілінде ауа температурасының жоғарылауы байқалған.

Қыс мезгілінде су қоймалары климатқа, негізінен, жылулық әсер етеді. Сонымен, Алматы МС су қоймасы салынғаннан кейін ауа температурасының 0,8-0,9 0С, ал Шелек МС ауа температурасының 1,2-1,6 0С жоғарылауы байқалады. Қапшағай су қоймасы іргелес аймақтардың температурасының өзгерісіне әлсіз әсер еткен. Су қоймасының салынуы қыс мезгіліндегі жылы күндер санының көбеюіне өз әсерін тигізген.

Қапшағай су қоймасындағы термикалық режимнің өзгерісіне су мен құрлықтағы температура контрастына байланысты екенін көрсетеді. Ал бұл айырмашылық су қоймасының географиялық орнына мен су қоймасының қасиеттеріне (қалпына, өлшеміне, судың мөлдірлігіне, тереңдігіне және де тағы басқаларына) байланысты болып келеді.

Қапшағай су қоймаларының іргелес аумақтардың климат сипаттамаларына әсерін талдау олардың жалпы климаттық жағдайлардың аса күшті өзгерістерін тудырмайтындығын көрсетеді. Бірақ сонымен бірге олардың ауа температурасына әсері айқын байқалады. Яғни, Қапшағай су қоймасының жағалау аймағында орналасқан Шелек станциясында құрылыстан кейін ауаның орташа жылдық температурасы климаттық нормамен салыстырғанда 1,2 0С Алматы станциясында 0,7 0С дейін өзгерген және қыс мезгілінде анық көрінеді.

Метеобақылауларға сәйкес, күрт континентальды климат жағдайында су қоймалары қысқы кезеңнің жылынуына әкеледі, бұл жазғы кезеңде ауа температурасының төмендеуіне қарамастан, су қоймасының көлеміне байланысты 1-50 км радиуста жылы кезеңнің ұзақтығын 1-2 аптаға арттырады. Су қоймаларының әсер ету қарқындылығы, сондай-ақ су қоймаларының құрылысы орнының жергілікті географиялық ерекшеліктерімен айқындалады. Оларға мыналар жатады: жер бедері, өсімдік жамылғысының табиғаты, экономикалық даму дәрежесі және т.б. сонымен қатар, су қоймаларының әртүрлі метеоэлементтерге әсер ету дәрежесі күн мен жыл мезгіліне байланысты. Әсер ету аймағының сыртқы шекаралары кеңістікте және уақытта тұрақты емес, сондықтан су қоймасының әртүрлі метеоэлементтерге әсері байқалатын аймақтың мөлшері әртүрлі екендігі анықталды.

Маңызды климаттық-рекреациялық компоненттердің үйлесуін, Температуралық индекстер мен шкалаларды арқылы аумақтың кешенді биоклиматтық сипаттау

Адам мен климаттық жағдайлардың өзара әрекеттесуі физикалық география, экология, климатология, биометеорология, экологиялық климатология, медициналық география саласындағы көптеген жұмыстарға арналған биоклиматологияның белсенді дамып келе жатқан бағыттарының бірі болып табылады. Метеорологиялық факторлардың адамның жағдайына әсерін зерттеу үшін оларды есептеу мен талдау негізінде әртүрлі температуралық шкалалар мен индекстер қолданылады. Биоклиматтық индекстер физикалық тұрғыдан ортаның жылу құрылымының ерекшеліктерін сипаттайды және адамның айналасындағы жылу өрісінің күйінің жанама көрсеткіші болып табылады. Метеорологиялық жағдай өзгерістерінің бейімделу механизмдеріне әсерін зерттей отырып, адам денсаулығын сақтау мәселесін шешуге болады. Сондықтан биоклиматтық бағалауды және биоклиматтық жағдайларды аумақтық саралауды қамтитын зерттеулер ерекше маңызға ие. Осыған байланысты жұмыста Алматы облысы аумағындағы ауа-райы мен климаттың жайлылығын бағалау кезінде қолданылатын биометеорологиялық индекстерге талдау жасалды.

Зерттелетін аймақтың биоклиматтық жайлылығын бағалау үшін біз 2011-2020 жылдардағы ауа температурасының, желдің жылдамдығының және ауаның салыстырмалы ылғалдылығының көпжылдық орташа айлық мәндерін қолдандық.

Әдістемелерге сәйкес біз Жылдың суық және жылы мезгілдері үшін тиімді температура, қалыпты эквивалентті - тиімді температура, биологиялық белсенді температура, радиациялық эквивалентті-тиімді температура көрсеткіштерін есептедік.

Жоғарыда келтірілген индекстерді есептеу үшін Алматы облысы бойынша келесі станциялар таңдалды: Шелек, Қапшағай, есік және Алматы. Есептеу 2011-2020 жылдар аралығындағы метеорологиялық деректерді (температура, ылғалдылық, желдің жылдамдығы) пайдалана отырып жүргізілді.

 Зерттеу кезеңінде эффективті температураның мәні қатты ауытқуларға ұшыраған жоқ.

Округ аумағында жазғы кезеңде тиімді температура мәндері 12,4-тен 18,9°с-қа дейінгі шектерде болады, бұл биоклиматтық жағдайларды "орташа жылу" және "жылу"деп сипаттайды.

 ЭЭТ есептері Климаттық сипаттамалардың орташа айлық мәндерін пайдалана отырып жүргізілді. Жалпы алғанда, станциялардағы ээт мәндері су қоймасы аймақтары бір-біріне жақын болды және -31,4-тен өзгерді...-38,0 ° Қаңтарда және 11,8 дейін... Шілдеде 23,2°. Аумағы бойынша ЭЭТ мәндеріндегі айырмашылықтар 7,0-11,4°құрайды. Желтоқсаннан ақпанға дейінгі кезеңдегі EET мәні адамның жылу сезімдеріне "өте суық" және "аяз қаупі"сәйкес келеді. Мамыр және қыркүйек айларында EET мәні "салқын", ал маусым-тамыз айларында "жайлылық"сезімін тудырады. Ээт өте жоғары мәндері Шелек станциясында қалыптасады, бұл осы аймақтың ауа температурасының жоғарылауымен байланысты.

Қоршаған ортаның биологиялық белсенді температурасы (БАТ) адамға ауа температурасы мен ылғалдылығының, желдің жылдамдығының, жалпы радиацияның және жер бетінен шығатын ұзын толқындық радиацияның әсерін анықтайды.

Біз жыл бойы БАТ мәндерін есептедік. Желтоқсаннан ақпанға дейін баттың мәні теріс, жылдың қалған кезеңі оң мәндермен сипатталады (кесте.), наурыз-сәуір айларында БАТ мәндерінің күрт өсуі, ал қазан-қараша айларында төмендеу байқалады. Ю. П. Хрусталевтің және басқалардың пікірі бойынша [Ю. П. Хрусталев, С. С. Андреев, Ю. г. Андриади, 2002,152 ] бат шамалары бойынша анықталатын жайлылық аймағы 10-нан 20°С-қа дейінгі температура шегінде жатыр. су қоймасына іргелес аймақ жылы ыңғайсыздықпен сипатталады.

Киінген адамның сезімінің жылуы ЖЭТ мәндерін қолдана отырып бағаланады. Ростов облысының биоклиматын зерттеу кезінде Е. А. Кочугова [Кочугова Е.А., 2002, 21] Забайкальаның Климаттық-рекреациялық аудандастыруы үшін және т. б. ғалымдар NET-тің ыңғайлы мәндерінің ауқымы туралы консенсусқа әлі келген жоқ. Сонымен, Е. А. Григорьеваның зерттеулері [Григорьева Е.А., 2003] ЭЭТ-ті 8-22° аралығында ыңғайлы, ал 17-22° аралығында өте ыңғайлы деп санауға мүмкіндік береді.

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға