Қаңтар оқиғасы мен Түркиядағы жер сілкінуді болжаған көріпкел Алматыда жойқын зілзала болатынын айтты
Facebook-те Назым Осака есімімен тіркелген қолданушы Алматыда Рамазан айы аяқталған соң жер сілкінуі мүмкін екенін ескертті. Ол жазбасында тұрғындарға сақтық шараларын есте сақтауға шақырды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Оразадан кейін жер сілкінеді деп ойлап едім. Ораза біткенше жеке жер үйде тұра тұруға кеңес беремін. Жаңа үйлерде тұратындар ата-аналарыңызды қасына бара тұрғандарыңыз жөн. Ескі, кірпіш үйлер шыдайтын шығар. Ал жаңа үйлерге сенім жоқ»,- деп жазды ол.
Ол жаңа көпқабатты үйлерде тұратындарға тоңазытқыштың ішін су мен тамаққа толтырып, төсектерінің қасына қойып алу керек екенін ескертті.
Бүгін барлық жерде ит ұли бастады. Аспан да ашылмай қойды. Белгілері. Өте өкінішті. Араларыңызда ренжіткендерім болса, кешірім сұраймын. Бәріңізді жақсы көремін. Өздеріңізді және балаларыңызды қараңыздар. Жылы киініп жатыңыздар. Алла халқымды сақтасын. Түнімен кешірім сұрап шығамын, - деп жазды Назым Осака.
Сонымен қатар, ол Астанада бәрі тыныш болатынын жазған.
Назым Осака бұған дейін Түркиядағы зілзала мен Қаңтар оқиғасын болжаған еді.
Пікір білдірушілер арасында осы болжамына сенімсіздік танытып жатқандар да бар.