Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды

Фото: ҰҚК
Фото: ҰҚК
03.02.2025 10:30
540
2025 жылдың басынан бастап Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция және прокуратура органдарымен бірлесіп қаруды іздестіру және заңсыз айналымнан алу бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҰҚК мәліметінше, нәтижесінде 8 «Калашников» автоматы, 25 тапанша, 23 мылтық, 17 граната, әртүрлі калибрдегі 1521 оқ-дәрі табылып, тәркіленді.
Көрсетілген қару-жарақтардың 4 бірлігі «қаңтар оқиғалары» кезінде ұрланғаны анықталды. Осы фактілер бойынша тергеу-жедел іс-шаралары жүргізілуде, - делінген мәліметте.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Астанада тағы бір қан тапсыру пункті ашылды