Қаңтар оқиғасы бойынша тағы 25 адамға үкім шықты
Алматыда сот қаңтар оқиғасы бойынша 25 сотталушыға қатысты қылмыстық істі қарады. Бұл туралы Алматы қаласы Бостандық ауданының № 2 аудандық сотына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі.
Сот оларды 2022 жылғы 4-5 қаңтар аралығында жаппай тәртіпсіздіктерге қатысып, аса ірі мөлшерде ұрлық жасаған, тұрғын үй, қызметтік және өндірістік үй-жайға заңсыз кіріп, ірі залал келтіре отырып көлік құралдарын айдап әкеткені үшін айыпты деп таныды.
Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл азаматтар қауіпті өндірістік нысан аумағына, арнайы органдар күзететін басқа да нысандарға заңсыз кіріп, айтарлықтай залал тигізген.
Бұдан бөлек олар алдын ала сөз байласу арқылы атыс қаруларын ұрлап, жаппай тәртіпсіздік кезінде билік өкілдерінің денсаулығына залал тигізіп қана қоймай, олардың мүлкін бүлдіргені дәлелденген.