Жаңалықтар

Қанша келі саңырауқұлақ пен жидекті тегін жинауға болады? Комитет жауабы

Қанша келі саңырауқұлақ пен жидекті тегін жинауға болады? Комитет жауабы
Фото: Pixabay.com 26.04.2023 16:09 1415

Экология министрлігі жеке тұлғалар жабайы өсетін жемістерді, жаңғақтарды, саңырауқұлақтарды, жидектерді, дәрілік өсімдіктерді жеке және үйде пайдалану үшін өтеусіз және еш рұқсат қағазынсыз жинай алатынын еске салды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Министрліктің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мәліметінше, бір адам бір мезетте дәрілік өсімдіктерді (сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерден басқа) 10 кг-ға дейін, жемістер мен жидектерді 20 кг-ға дейін, саңырауқұлақтарды 25 кг-ға дейін жинай алады.

Ал жинау нормасы өсімдіктер әлемін, геоботаникалық және ресурстық зерттеулер материалдарының негізінде белгіленген.

Төлемақы мөлшерін жергілікті мәслихат бекітеді, ол әкімдіктердің есептеулері негізінде, нарықтық бағалар мен оларды дайындауға, өңдеуге, тасымалдауға және өткізуге жұмсалған шығындар сомасы арасындағы айырма негізінде белгіленеді, - делінген мәліметте.

Естеріңізде болса, коммерциялық құрылымдардың өкілдері үшін, яғни бизнесі өсімдіктер әлемін пайдаланумен (оның ішінде саңырауқұлақтарда бар) байланысты тұлғалар үшін бұл қызмет түрі ақылы болады.

Бұған дейін саңырауқұлақ пен жидекке салық салынатынын және оны кімдер төлейтінін жазғанбыз

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға