Жаңалықтар

Қандай оқушыларға 6 миллион теңге беріледі – Аймағамбетов жауабы

Қандай оқушыларға 6 миллион теңге беріледі – Аймағамбетов жауабы
Фото: Видеодан кадр 26.02.2025 10:27 193

Мәжіліс депутаттары мәдениет және білім беру мәселелері бойынша заң жобасын қарап жатыр. Депутат Асхат Аймағамбетов халықаралық ғылыми жобалардың жеңімпаздарына қандай көлемде сыйақы берілетінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы 2021 жылы министрлікке тапсырма беріп, сол жылы заңға өзгеріс енгізілген. Сонда халықаралық ең беделді олимпиадалардың жеңімпаздарына бір мезгілдік сыйақы беру туралы шешім қабылданды. Содан бастап осы олимпиада жеңімпаздары сыйақыны алып келе жатыр. Енді біз дәл осы тетікті халықаралық ғылыми конкурстардың жеңімпаздарына да тиесілі қылып жатырмыз. Демек, бізде бекітілген мөлшері мен жүйе бар. Ол министрлік бұйрығымен бекітілген. Бүгінгі таңда 1-орын алғанда 6 миллионнан астам ақша беріледі. Ал оны дайындаған ұстаз 500 мың теңге алады, - дейді депутат Аймағамбетов.

Осы орайда сыйақы нақты қандай сайыстарды жеңгенде берілетіні туралы сұрақ туындады. Депутаттың айтуынша, академиялық адалдық принципі қатаң сақталған сайыстар ғана тізімге енеді.

Бізде ең үлкен қорқыныш - сайыстар өте көп. Оның бәрін халықаралық деп атап алып, оның барлығын тізімге кіргізе бермейміз бе деген мәселе орынды. Осындай жағдайға жол бермес үшін министрлік бекіткен тізім бар. Ол тізімге ең беделді 50-100 мемлекет қатысатын, академиялық адалдық принципі сақталған сайыстар ғана енеді. Жылына 10-15 ғана балаға беріледі. Ең мықты балалар ғана сол мүмкіндікке ие болады. Бұл іске қосымша қаражат талап етілмейді, министрлік бюджетінен қамтылады, - дейді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Асхат Аймағамбетов көптен бері күрмеуі шешілмеген мәселеге қатысты қуанышты жаңалығын жариялады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға