Қанат Шарлапаев Семейде салынған тұрғын үйлермен танысты

Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
13.12.2024 13:39
339
Бүгін Абай облысына сапары аясында Қанат Шарлапаев Семей қаласындағы «Қарағайлы» шағын ауданында салынған көпқабатты үйлермен танысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл силикат кірпіштен салынған 9 қабатты, 2 кіреберісі бар тұрғын үйлер.
Биыл облыста 404,7 мың ш.м. тұрғын үйді пайдалануға беру мақсаты бар, бұл 3,8 мың отбасы тұрмыстық жағдайын жақсартуға. мүмкіндік береді.
Әкімдіктің мәліметінше, 1,8 млрд теңге игерілген. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін сатып алу құқығымен 790 жалдамалы пәтер сатып алуға қосымша 12,5 млрд теңге қарастырылған.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шаралар басталды