Жаңалықтар

Қанат Шарлапаев - Қазақстанның регби федерациясының жаңа төрағасы

Қанат Шарлапаев - Қазақстанның регби федерациясының жаңа төрағасы
Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрі 25.01.2025 13:15 518

2025 жылдың 25 қаңтарында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев «QAZAQSTAN RUGBY» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті болып сайланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Федерация жастар регбиін дамыту, әйелдер командаларына қолдау көрсету, спортты танымал ету және инфрақұрылымды құруды жоспарлап отыр.

Қазақстан әйелдер құрамасы әлемдік рейтингте 19-шы орында және халықаралық турнирлерде сәтті өнер көрсетуде. Ерлер мен жастар құрамалары белсенді дамып келеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға