Жаңалықтар

Қанат Шарлапаев Батыс Қазақстан облысында салынып жатқан нысандарды тексерді

Қанат Шарлапаев Батыс Қазақстан облысында салынып жатқан нысандарды тексерді
Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі 13.07.2024 20:41 718

Бүгін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев құрылыс жұмыстарының барысын тексеру үшін тағы да Батыс Қазақстан облысында барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жұмыс сапары аясында ол Қаратөбе ауданы Қоржын, Сырым ауданындағы Жымпиты, Бұланты және Өлеңті, Теректі ауданындағы Аңқаты және Подстепное ауылдарында салынып жатқан үйлерді аралады.

Батыс Қазақстан облысында 5 927 тұрғын үй және саяжай зақымданған. Техникалық зерттеу қорытындысы бойынша 1 383 нысан ғана жарамды деп танылған. Сонымен қатар, 922 отбасы жөндеу жұмыстарына қаражат алды. Қазіргі уақытта 775 тұрғын үй салынуда, сонымен қатар 2 248 тұрғын үй немесе пәтерді сатып алу жоспарланса, оның 871 пәтері сатып алынды.

Қанат Шарлапаев 775 үйдің құрылысын тексерді, оның 34 тұрғын үйі Орал қ., 401 тұрғын үйі ауылдық жерлерде орналасқан. Министр Бөрлі ауданында 60 тұрғын үйдің, Теректі ауданында 131 тұрғын үйдің, Қаратөбе ауданында 90 тұрғын үйдің, Бәйтерек ауданында 6 тұрғын үйдің, Сырым ауданында 114 тұрғын үйдің құрылыс алаңдарын аралады.

401 үйдің құрылысына 30-ға жуық компания қатысатынын айта кеткен жөн. Құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі жоспарланған ауқымның 50 пайызынан асты, жұмыстарды ағымдағы жылдың тамыз айында аяқтау жоспарлануда.

Сонымен қатар, Министр мұнай мен газды өндіру мен өңдеуге арналған жоғары технологиялық жабдықтарды әзірлеу және шығарумен, мұнай мен газды тасымалдауға арналған энергетикалық жабдық, күрделі металл құрылымдары, құрылыс жабдықтары, басқа да машина жасау өнімдерін өндірумен айналысатын «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ-да барды. Кәсіпорынның тауарлары Сауд Арабиясы, БАӘ, Катар, Алжир, Әзірбайжан және т.б. елдерге де экспортталады.

Қанат Шарлапаев Батыс Қазақстан облысының әкімдігінде кеңес өткізіп, онда өңірдегі қалпына келтіру жұмыстарының өзекті мәселелері талқыланды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға