Жаңалықтар

Қан доноры нені білуі керек?

Қан доноры нені білуі керек?
Фото: © ОКҚ 29.06.2023 15:50 1386

Қан доноры нені білуі керек екенін ДСМ «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» ШЖҚ РМК донор кадрларын жинақтау бөлімшесінің меңгерушісі Әйгерім Сағымбаева айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес, салмағы 50 кг-нан артық, жасы 18-ден асқан іс-әрекетке қабілетті азаматтар қан мен оның компоненттерінің доноры бола алады. Қан және оның компоненттерін тапсыру үшін белгілі медициналық және әлеуметтік қарсы көрсетілімдер бар. Жақында болған түрлі аурулар, операциялар, әлемнің кейбір жерлеріне бару – мұның барлығы донорлықтан уақытша немесе тұрақты шеттету үшін негіз бола алады, - деді ол.

Оның сөзінше, дәрігердің донормен сұхбаты және дәрігерлік тексеру, сондай-ақ донордың қанын одан әрі зертханалық зерттеу қанды тапсыру алдындағы бастапқы және міндетті процедуралар.

Сондықтан адам өз ауруларын дәрігерден жасырмағаны жөн. Оның сұрақтарына да, сауалнаманың сұрақтарына да шынайы жауап беру керек. Трансфузиолог дәрігері донор сауалнамасының деректерін ескере отырып, анамнезді егжей-тегжейлі жинауды, тері қабатын, көрінетін сілемейлі қабатты, склераны, лимфа түйіндерін және кеуде қуысы органдарын пальпациялауды, кеуде қуысы органдарын аускультациялауды, донордың психоневрологиялық мәртебесін бағалауды жүзеге асырады, - деді Әйгерім Сағымбаева.

Егер донорды тексеру және оның медициналық анамнезін жинау, денсаулықтың жалпы жай-күйін, сондай-ақ оның өмір салтын бағалау кезінде нашақорлыққа немесе қанмен берілетін инфекциялық ауруларды жұқтыру қаупіне әкелетін мінез-құлықтың бар болуына күдік туындаған жағдайда, донор қан мен оның компоненттерінің донорлығынан шеттетіледі.

Донорлықтың түрі, қанды немесе оның компоненттерінің алынатын көлемін көрсете отырып, қанды немесе оның компоненттерін беруге жіберілген донордың денсаулық жағдайы туралы деректер тиісті медициналық құжаттамаға енгізіледі және «қан беруге, плазмаферезге  жолдау» ресімделеді, - деді ол.

Осы жүйелі процесті өтудің негізгі мақсаты - донордың өзі және донорлық қанға мұқтаж адамдар үшін қауіпсіз донорлық.

Қандай жағдайда донорлар донацияға қатыстырылмайды, яғни қандай қарсы көрсетілімдері бар?

Қарсы көрсетілімдер уақытша және тұрақты абсолютті болады. Бұл туралы бүгін немесе ертең өз қанымен бөлісуге шешім қабылдаған адам білуге тиісті. Абсолюттік қарсы көрсетілімдер – дәрігер донорлықтан бас тартуды ЖИТС, туа біткен немесе жүре пайда болған АИТВ-инфекциясын тасымалдаушылық, мерез, вирустық гепатиттер, туберкулездің барлық түрлері, бруцеллез, бөртпе сүзек, сондай-ақ паразиттік аурулардың түрлері сияқты жұқпалы аурулардан емдеудің нәтижелеріне және ескіруіне қарамастан тіркеу жағдайлары. Қатерлі ісік, психикалық бұзылыстары, қан аурулары және орталық жүйке жүйесінің органикалық аурулары бар, нашақорлық және алкоголизм дерттеріне шалдыққан, сонымен қатар толық естімейтін және сөйлемейтін адамдар жіберілмейді, - деді ол.

Донацияға жүрек-қантамыр аурулары, тыныс алу органдары, АІЖ мүшелері, бауыр және өт жолдары патологиясы, декомпенсация сатысындағы бауыр, бүйрек және несеп шығару жолдарының созылмалы аурулары, сәуле ауруы бар азаматтар мүлдем жіберілмейді. Қан донорлығына абсолюттік қарсы көрсетілімдер тізбесіне функциялардың және зат алмасуының айқын бұзылуы, ЛОР-ағзаларының аурулары, күрделі көз аурулары, терінің қабыну және жұқпалы сипаттағы бірқатар аурулары, жіті және созылмалы остеомиелит жатады. Бұл тізімге қандай да бір ағзаның резекциясына қатысты операциялық араласулар да кіреді.

Әйгерім Сағымбаеваның сөзінше, абсолюттік қарсы көрсетілімдерден басқа уақытша болатын қарсы көрсетілімдер де бар. Олар да медициналық шеттету үшін, яғни донациядан шеттетуге негіз бола алады. Осылайша, татуировкасы бар немесе ине шаншумен емделген жағдайда емшара аяқталған сәттен бастап 4 айға шеттетіледі. Ұзақтығы 2 айдан астам шетелдік іссапарларда болған адам донорлыққа оралғаннан кейін 6 ай өткеннен кейін ғана жіберілуі мүмкін. Тропикалық және Азия, Африка, Оңтүстік және Орталық Америка сынды субтропикалық климатты безгек бойынша эндемиялық елдерден іссапардан оралса, 3 жылға дейін донор бола алмауы мүмкін. Қан донорлығына гепатитпен ауыратын пациентпен байланыста болған адам уақытша жіберілмейді. Бұл да маманның донорлыққа жіберуден бас тартуға құқылы қарсы көрсеткіштердің толық тізімі емес.

Қандай қан тобы жетіспейді?

Донорлық қан тапшылығы жоқ. Қан банкінде барлық топтардың донорлық қаны жеткілікті. Бірақ үнемі қанмен қамтамасыз етудің қажеттілігі бар, өйткені оны шектеулі уақытқа ғана сақтауға болады. Қауіпсіз қан әрдайым және қажет болған жерде қолжетімді болуы үшін дені сау адамдардың жеткілікті саны және бұл күн сайын шамамен 150-200 донор.  Орталықта үнемі қан тапсыруы керек. Ал ҚР бойынша бұл күн сайын шамамен 1000 донор, - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға