Жаңалықтар

Қан доноры болудың 9 себебі

Қан доноры болудың 9 себебі
Фото: © Pixabay.com 12.01.2024 16:49 4340

Қан доноры – өз қанын өзгеге тапсырып, өмірін сақтауға көмектесетін адам. Донорлықтың бұл түрі өте жиі қажет етіледі. «Донор» сөзін латын тілінен аударғанда «сыйлаушы», яғни «қайтарымсыз» мағынасында екен. Айта кететіні, қан доноры басқаға өмір сыйлап қана қоймай, өзінің де денсаулығына айтарлықтай пайда тигізеді. EL.kz ақпарат агенттігі қан доноры болудың тоғыз себебін түсіндіреді.

1. Донор болу тегін денсаулықты тексерту

Донор болғысы келетін адамның қан қысымын тексереді, клиникалық қан талдаудан өткізеді. Әрине, күнделікті өмірде терапевттің алдына жиі бармаймыз. Ал қан тапсыратын кезде сізді қараған дәрігер мысалы, қан қысымыңыздың жоғары екенін немесе жыбырлақ аритмияның симптомдарын байқауы мүмкін. Кей жағдайда донор өзінің қан тобын біліп жатады, ол отаға дайындық кезінде немесе шұғыл жағдайда қажет болатыны ақиқат.

2. Донорлық жүрек пен буынның жұмысын жақсартады

Жылына бір рет қан тапсыру жүрек талмасының қаупін 88%-ға азайтады. Оған себеп, қоюланып кеткен қанның сұйылуы. Гемоглабин жоғарласа, темір көбейіп кетсе қанның құрамы өзгеріске ұшырайды. Қан тапсырған кезде сұйық бөлігі – плазма мен жасушалардан арылады.

3. Донорлық қауіпті жаңа түзілімдерді азайтады

Донорларда қан аурулары мен периферикалық артерия патологиясы айтарлықтай азаяды. Мәселен, гемохроматоза кезінде темір теріде, жүректе, бауырда, ұйқы безінде, гипофиз бен буында көп жиналуы мүмкін. Бұл жағдайда ол токсинді болып, ағзаларға, кері әсерін тигізеді. Цирроз, бауыр рагы, жүректің проблемалары мен басқа да қабынуларды туындатады. Ал доноция кезінде гемоглабинге кіретін темір азайып, организмге салмақ аз түседі.

4. Донорлық жаттығуды алмастыра алады

Бір рет қан тапсырғанда 500 килокалория «жағылады». Бұл дегеніңіз, бір сағат бойы жүгірумен тең. Сондықтан сол күнгі жаттығуды ойланбай-ақ өткізуіңізге болады.  

5. Қан түзілімін жақсартады

Сізден қан алса, органзим жоғалтқан қанның орнын толтыруға тырысады. Плазманың көлемі 48 сағатта қалыпқа келеді. Ал жасуша бір немесе екі айда орнына келеді. Жаңарған эритроциттер ауаны жылдам жеткізеді, бұл ағзаның өз фнукциясын жақсы атқаруына көмектеседі.

6. Донорлық қосымша демалыс күндері

Жұмыс істейтін донорлар екі күн ақылы демалыс алуына болады. Заңнамада көрсетілгендей, тексеру және қан тапсыру күндерi донор болып табылатын қызметкердi жұмыстан кедергiсiз босатылады.  Сонымен қатар,  донор болып табылатын қызметкер медициналық тексеру әрi қан мен оның компоненттерiн тапсыру күнi меншiк нысанына қарамастан осы күн үшiн орташа жалақысы сақтала отырып, ұйымдардағы жұмысынан босатылады. Донор болып табылатын әскери қызметшi донорлық қызметтi орындау уақытында нарядтардан, кезекшiлiк атқарудан босатылады. Донор болып табылатын студенттер, оқушылар донорлық қызметтi орындау кезiнде оқу-тәрбие процестерден босатылады.

7. Донорлықбұл жеңілдік

ҚP Денсayлық сaқтay министpлiгi «Құpметтi доноp» төсбелгiсiн қaйтa қaлпынa келтipyдi жоспapлaп отыp. Мұндaй төсбелгi 2009 жылы күшiн жойғaн болaтын. «Құpметтi доноp» төсбелгiсi жойылғaнымен, осы yaқытқa дейiн кемiнде 40 pет қaн не 70 pет қaн плaзмaсын өтеyсiз негiзде өткiзген доноpлap «Денсayлық сaқтay iсiне қосқaн үлесi үшiн» төсбелгiсiмен мapaпaттaлып келдi.

Енді «Құpметтi доноp» төсбелгiсiмен Қaзaқстaн Pеспyбликaсының aзaмaттapы, сондaй-aқ Қaзaқстaн Pеспyбликaсының ayмaғындa жүpген шетелдiктеp мен aзaмaттығы жоқ aдaмдap, белсендi және жемiстi қaйыpымдылық қызметi үшiн, қaн донaциясын және (немесе) тpомбоциттеpдi кемiнде 40 pет, плaзмa донaциясын кемiнде 70 pет өтеyсiз негiзде жүзеге aсыpғaны үшiн  мapaпaттaлaды.

8. Донорлық бақытты, ұзақ өмір

Қан тапсыру – қайырымдылықтың бір түрі. Қайырымдылық жасау үшін көптеген адамдарды бақытты өмірге жетелейді. Сонымен қатар, қан тапсыратындар статистика көрсеткендей бес жыл артық өмір сүреді екен.

9. Донор болу өмірді құтқарады

АҚШ-та екі секунд сайын бір адамға қан керек. Олар жоспарлы отаға дайындалып жатқандар, шұғыл жағдайға тап болғандар, онкологиямен ауыратындар, қаның түрлі дертіне шалдыққандар болуы мүмкін. Бір доноция үш адамның өмірін құтқаруы мүмкін екенін ұмытпаңыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға