Қамыр жаямын деген әйелдің қолы өндірістік аппаратта қалып кеткен

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
24.03.2025 13:35
514
Астанада әйелдің қолы қамыр жаятын аппаратқа қысылып, оны құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен босатып алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ведомствоның мәліметінше, оқиға Сарыарқа ауданында болған. 1983 жылы туған әйелдің қолы өндірістік қамыр жаятын құрылғыға кіріп кетіп, өз бетінше шығара алмаған.
Оперативті-құтқару жасағының мамандары шұғыл жетіп, арнайы құралдар арқылы қысылған қолды босатты. Зардап шеккен әйел жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды, — делінген хабарламада.
Төтенше жағдайлар министрлігі өндірістік жабдықтармен және тұрмыстық құрылғылармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасын қатаң сақтауға шақырады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Әнші Қайрат Нұртас тағы да масқара болды