Қамшыбек Қоңқабаев Париж олимпиадасының лицензиясын жеңіп алды
![Қамшыбек Қоңқабаев Париж олимпиадасының лицензиясын жеңіп алды Қамшыбек Қоңқабаев Париж олимпиадасының лицензиясын жеңіп алды](/storage/storage/element/2023/10/04/mainphoto/70977/1200xauto_WtWnLtaNMOUp3PYyVGFjz3hKAN9enAqmf444CQ2c.jpg)
Фото: ©Olympic.kz/Нұрғали ЖҰМАҒАЗЫ
Фото: ©Olympic.kz/Нұрғали ЖҰМАҒАЗЫ
03.10.2023 20:15
990
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында отандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев Париж олимпиадасының лицензиясын жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
+92 келіде Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионатының 2 мәрте күміс жүлдегері, 31 жастағы Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалдық айқаста үндістандық Нарендерді 5:0 есебімен жеңді. Осылайша, бокстан Париж Олимпиадасының екінші жолдамасына қол жеткізді.
Бұған дейін бокстан әйелдер арасында 57 келідегі Карина Ибрагимова лицензия иеленген болатын.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)