Қамшыбек Қоңқабаев әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Фото: instagram.com/boxingkazakhstan
Фото: instagram.com/boxingkazakhstan
04.05.2023 22:23
1191
Ұлттық құрама сапындағы тәжірибелі боксшының бірі Қамшыбек Қоңқабаев әлем чемпионатындағы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аса ауыр салмақтағы Токио Олимпиадасының қола жүлдегері және әлем чемпионатының 2 дүркін жүлдегері атанған отандасымыздың қарсыласы жастар арасындағы 2021 жылғы әлем чемпионы ресейлік Алексей Дронов болған. Тартысты кездесуде Қамшыбек өзінің шеберлігін паш етіп, келесі айналымға шықты.
Енді ол бітіспес қарсыласы – Токио Олимпиадасының чемпионы, жарыс қожайыны Баходир Жалоловпен күш сынасады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетейік, Әлем чемпионатында жеңілген Санатәлі Төлтаев жанкүйерлерден кешірім сұраған еді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қазақстан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындықты бастады
Келесі жаңалық
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шаралар басталды