Қамауда отырған Боранбаевтың туысы агенттік қызметкерлеріне пара берген
Фото: egov.kz
Фото: egov.kz
01.12.2022 01:09
996
Қамауда отырған Қайрат Боранбаевтың туысы А. Боранбаев Қаржылық мониторинг агенттігінің жекелеген қызметкерлеріне пара берген, деп хабарлайы El.kz ақпараттық агенттігі Қаржылық мониторинг агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Жеке қауіпсіздік департаменті жүргізген жедел іс-шараның нәтижесінде агенттіктің жекелеген қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактісі анықталды. Мәселен, тергеумен қамауға алынған Қ. Боранбаевтың туысы – А. Боранбаевтың жедел бөлімшелердің жекелеген қызметкерлеріне заңсыз сыйақы беру фактісі әшкереленді. Сот А.Боранбаевқа және екі қызметкерге қатысты агенттік өтініші бойынша қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді", - делінген агенттік хабарламасында.
Қазіргі уақытта агенттіктің жеке қауіпсіздік департаменті сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес, өзге ақпарат жария етілуге жатпайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады