Жаңалықтар

Қалыңдық салмағы 45 келі болатын той көйлегін киді

Қалыңдық салмағы 45 келі болатын той көйлегін киді
Фото: Видеодан кадр 02.05.2023 13:44 2300

Қазақстандық қалыңдықтың той көйлегі әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Себебі оның көлемі де, түрлі таспен көмкерілгені де, тиісінше салмағы да таңғаларлықтай.

ТикТок-та қыз бала өзіне отырып-тұруға көмектескенін айтады.  

Салмағы 45 келі болатын көйлек туралы видеоны 500 мыңнан астам адам көрген. Ал пікір білдірушілердің ойы сан түрлі. Кейбірі келіншекке мақтау айтып жатса, екінші тарап өзіңді бұлай қинаудың не қажеті бар дейді.

@a_zhuniskhanqyzy Ответ пользователю @baka ♬ оригинальный звук - 𝑀

«Керемет, келін де, көйлек те. Ғажайып! Өте әдемі, құдды қуаршақ секілді. Ханшайым!»

«Өзіңді бұлай қинаудың қажеті қанша? Асыра сілтеп жіберген тәрізді! Күйеуіңізбен вальсті қалай биледіңіз?»

Ал қалыңдық бұл көйлек 7 мың долларға шыққанын мәлімдеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға