Қалың түтінге байланысты Семей маңындағы ауыл тұрғындары көшірілді

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
11.06.2023 23:19
839
Абай облысындағы алапат өртке байланысты Бұлақ ауылының тұрғындары эвакуацияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қалың түтін Семей қаласының Бұлақ ауылының тұрғындарын эвакуациялауға негіз болды. Тұрғындар эвакуацияланып, азық-түлікпен және бірінші кезекте қажетті заттармен қамтамасыз етілген эвакуациялық пункттерге орналастырылды, - делінген әкімдік таратқан ақпаратта.
Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Абай облысындағы алапат өртке байланысты Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялау туралы өкімге қол қойғаны туралы жазған болатынбыз.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Жалпыұлттық аза тұту күні БАҚ қалай жұмыс істейді?