Қалбатау-Өскемен бағытында жолда қалған 200-ден астам көлік шығарылды

Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz
04.03.2023 10:47
1403
Қалбатау ауылынан Өскемен қаласына дейінгі бағытта арнайы қар тазалайтын жол-пайдалану техникасының көмегімен жолшылар 6 жеңіл және 200 жүк машинасынан тұратын колоннаны ертіп жүрді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Естеріңізге сала кетейік, еліміздің шығысында соңғы үш күнде ауа-райы қолайсыз. Сол себепті бірқатар республикалық маңыздағы тасжол жабылды. Қарды ауыр техникамен тазалағаннан кейін күре жолдардың бойында биіктігі 2 метрге дейін жететін жерүсті қарлы туннельдер пайда болды.
Жол қызметтері үздіксіз жұмыс істеуде.
Бөлісу:
