Жаңалықтар

«Қалалық гүлдер фестивалі» жеңімпаздары БАӘ-не жолдама ұтып алды

«Қалалық гүлдер фестивалі» жеңімпаздары БАӘ-не жолдама ұтып алды
Фото: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты 07.07.2023 00:18 1242

Астананың 25 жылдығына орай ЭКСПО алаңы гүлге оранды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық әкімдіктің ресми сайты таратқан ақпаратқа сүйенсек, елордада «Қалалық гүлдер фестивалі» өтті.

Фестиваль продюсері Майра Измайлованың айтуынша, іс-шара қала тұрғындарын эко қозғалысқа тарту, шикізатты қайта өңдеудің маңыздылығын көрсету және елорданың эко-белсенділерін біріктіру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Фестиваль аясында 5 байқау ұйымдастырылды. «Гүл шаһары» деп аталатын қазақстандық суретшілер мен мүсіншілердің байқауы бойынша еліміздің 62 өнер иелерінің 84 эскизі қаралған. Оның ішінен іріктеліп алынған 15 жоба жүзеге асты.

«Қалалық гүлдер фестивалі» жеңімпаздары БАӘ-не жолдама ұтып алды



Фестивальде 5 түрлі байқау ұйымдастырылды. Олардың арасынан Абылай Мұрашбековтің «Индустриалды даланың гүлі» және Малика Игібаеваның «Өмір гүлі» атты туындысы 1-орынға лайық деп танылды. 2-орынды «Ерте-ерте ертеде» жұмысымен Серікбол Рауан жеңіп алды. 3-орын «Гүлге толы қоржын» туындысын жасаған Айдана Мінайдароваға бұйырды.

«Қалалық гүлдер фестивалі» жеңімпаздары БАӘ-не жолдама ұтып алды



Сондай-ақ қала тұрғындары арасында да бірнеше байқау өткізілді. Соның бірі, ILOVE байқауында тұрғындар арнайы фото-аймақта ата-анасына, жарына, балаларына, туыстарына өздерінің жүрекжарды тілектерін арнап, әлеуметтік желілерге жүктеуі керек болатын. Байқаудың бас жүлдесін жас жұп Өміртай жеңіп алды. Оларға екі адамға арналған «Happy Travel» компаниясының Біріккен Араб Әмірліктеріне жолдамасы тапсырылды.

«Қалалық гүлдер фестивалі» жеңімпаздары БАӘ-не жолдама ұтып алды



«ЭKODAR: менің қалам – менің үлесім» байқауы 1 маусымда жарияланды. Оның шарты бойынша экобелсенділер өз қаласына жасаған пайдалы істерін баяндады. Мұнда бірінші орынды 10 жыл қан доноры болып келе жатқан Екатерина иеленді. Ол да «Happy Travel» Қазақстан қалаларына арналған  компаниясының жолдамасын ұтып алды. Ал 3,4-орын иелеріне SF рестораны мен «Меломан» дүкеніне сертификаттар табысталды.

Жалпы, фестивальге флористер 20 мың жанды гүл әкеліп қойды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға