Жаңалықтар

Қала күнінде елордаға шетелден 500-ге жуық өнерпаз келеді

Қала күнінде елордаға шетелден 500-ге жуық өнерпаз келеді
Фото: © ОКҚ 05.07.2023 12:48 1014

Қала күніне орай елордаға Әзербайжан, Үндістан, Қытай, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Жапония және Қазақстан оркестрлерінің бес жүзге жуық музыканты келеді. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

6 шілдеден бастап елордада «Астана - мәдениет керуені» атты әскери шығармашылық ұжымдарының халықаралық фестивалі өтеді.

Фестиваль қатысушыларының репертуарында шеру, эстрада, джаз және танымал классикалық әуендері бар.

Фестиваль үш кезеңде өтеді.

Іс-шаралар 6 шілдеде басталады. 19:30-да Есіл өзенінің жағасында жазғы амфитеатр сахнасында барлық шақырылған оркестр қатысуымен Band Marathon өтеді.

7 шілдеде сағат 20:00-де қаланың түрлі алаңдарында Перформанс шоуы өтеді. Музыкалық ұжымдардың қойылымдары орталық саябақта, Бәйтерек монументі мен «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығында өтеді.

Фестиваль 8 шілдеде аяқталады. «Барыс Арена» спорт кешенінде үлкен гала-концерт өтеді. Ол сағат 12:00-де басталады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары оркестрлер дефилесімен және фестиваль қатысушыларының бірлескен қойылымдарымен қызықты музыкалық-театрландырылған қойылымның куәсі болады. Фестиваль шеңберіндегі барлық іс-шараға кіру тегін, - деді Тілеухан Басқожаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға