Жаңалықтар

Пышақтар мен қайшыларды қайрау

Адам пышақ пен қайшыны күнделікті міндетті түрде қолданады. Біз оларды тұрмыстық мақсаттарда және жұмыста кәсіби қызмет түрлері бойынша пайдаланамыз. Оларды көбірек қолданған сайын олар да өтпей, қайрауды қажет ете бастайды.
27.08.2014 03:38 8428

Пышақтар мен қайшыларды қайрау

1. Жалпы ақпарат. Адам пышақ пен қайшыны күнделікті міндетті түрде қолданады. Біз оларды тұрмыстық мақсаттарда және жұмыста кәсіби қызмет түрлері бойынша пайдаланамыз. Оларды көбірек қолданған сайын олар да өтпей, қайрауды қажет ете бастайды.

Сөз жоқ, әр отбасында қажет болған жағдайда пышақты өткірлеуге  арналған қайрақ бар. Дегенмен, пышақ қайрауда бұл көбіне соншалық тиімді әдіс бола бермейді. Бір ғана үйдегі қайрақ алға қойылған міндеттерді ойдағыдай атқара бермейді.  Белгілі бір уақытта пышақ өзінің жақсылап өткірленуін қажет етеді, сол үшін шеберханадағы қайрақшыға жүгінуге тура келеді. 

 Бүгінгі күні әр қалада шаштараздар мен сән салондары қаншама, тіпті әр үйдің өз шаштаразы бар десек болады. Әрбір шаштаразда ең кемі екі маманнан, ал маманның әрқайсысында ең кемі екі жұп қайшыдан бар. Адамдар қашанда жақсы көрініп жүргісі келеді, сондықтан да сән индустриясы көркеюде. Сәйкесінше сіз де өз клиенттеріңізді үнемі таба алатын боласыз.

Пышақтар мен қайшыларды қайрау бизнесін ашу қыруар еңбекті қажет етпейді және де мұнда айтарлықтай шығыстар да жоқ.

Көпшілік бұл бизнесті табысы төмен, рентабельді емес деп есептейді. Рас, басында бұл шынымен солай. Клиенттердің көптігіне қарамастан мұндай қызметке төленетін ақы соншалық жоғары емес. Бірақ, сізге өз бизнесіңізді одан әрі дамыта түсуге кім кедергі? Бұл ретте сізге қайшы мен пышақты қайрау тәжірибе мен бастапқы капиталды жинау үшін ғана қажет болуы мүмкін.

Бұл үшін Сіз өзіңіз ұсынатын қызмет түрлерін кеңейте аласыз. Мәселен, араны, балтаны және т.б. мамандандырылған техникаларды қайрауға кірісуге болады. Әрине, бұлар үшін одан да салмақты қайрау аппараты қажет, бірақ қосымша қаражат құюсыз бизнесті кеңейту мүмкін емес.  Содан кейін сіз өткір‑кесетін құралдарды қайрайтын орныңызды қайта қарастырып жабдықтай аласыз. Тек жұмыс істейтін жерді ғана емес, қызметкерлер санын да кеңейтуге тура келеді. Сонда сіздің табысыңыз да көз алдыңызда өсе бастайды, ең бастысы бұл іске шындап кірісу керек.

2. Ғимарат. Сонымен, бизнесті алғашқы уақытта арнайы шеберханасыз, пәтерде отырып-ақ бастауға болады. Бастысы өзіңіздің қызметіңіз туралы таныстарыңызға, көршілеріңізге, жақын маңдағы тігін ательелері, фабрикалар мен шаштараздарға хабарлап, жарнама жасаңыз. Бірінші қайрауды тегін ұсынуға да болады. Нәтижесінде адамдар сізге ғана жүгіне бастайды.

Ал сіз жұмыс жақсы жүріп кеткеннен кейін, дүкендегі шағын бір орынды жалдауыңызға болады.

3. Технология мен есептер. Осылайша, бизнесті ұйымдастыру қайрауыш шарық ұйымдастыруға әкеп соғады. Оны жинау үшін бірнеше қайрау шарықтары мен іске қосатын электроқозғалтқыштар қажет, бұларды бір-бірімен жалғап, содан кейін электроқозғалтқышты жүйеге қосу керек.

Электроқозғалтқыш шамамен 4 000 теңге тұрады. Ал бір рет қайрау –шамамен 130-150 теңге. Шамамен 30 тапсырыстан түскен пайда қаржы салымын толығымен ақтап шығады.

Маникюр, педикюр және шаштараз шеберлері өздері қызмет көрсететін клиенттерінің санына қарай  құралдарын 2-3 аптада бір – үш  айда бір мерзім аралығында қайрап тұрады. Сіздің клиенттеріңізге тек шаштараз шеберлері ғана емес, сонымен қатар, тігіншілер, тігін ательелері, медициналық мекемелер (медициналық құралдар), маникюр шеберлерін және т.б. дайындау жөніндегі  білім орталықтары мен мектептер де кіретін болады. Яғни, бұл –  көптеген сегменттерді қамтыған өте ауқымды нарық. 

 

«Нұр Отан» ХДП қолдауымен жазылған «Отбасылық бизнестің 100 түрі» кітабынан үзінді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға