Путинцева Бирмингем WTA 250 турнирінің жеңімпазы атанды

Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney
23.06.2024 22:17
704
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Бирмингем WTA 250 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Отандасымыз финалда Аустралия өкілі Айла Томляновичті екі сетте де қапы қалдырып, 2:0 есебімен ұтты. Ол алғашқы сетте нәтижені 6:1-ге жеткізсе, екінші партияда тай-брейкке дейін барды. Алайда, ол барын салып, есепті өз пайдасына шетті (7:6).
Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 44-ракеткасы, италиялық Элизабетта Кочареттоны ұтқан болатын. Екеуара ойында ол 2:0 есебімен жеңіске жеткен еді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Ақтауда өткен жастар кешіне үш мыңнан астам адам қатысты
Келесі жаңалық
Ақтөбе облысындағы ауданда мектеп пен балабақша жөнделді