Путин Ресейдің АҚШ-тағы елшісін тағайындады

Президент Владимир Путин Ресейдің АҚШ-тағы елшісі қызметіне Александр Дарчиевті тағайындады. Тиісті жарлық құқықтық актілер порталында жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
АҚШ-тағы елші қызметі 2024 жылдың қазан айынан бері бос тұрған еді. Сол жылы Ресейдің АҚШ-тағы елшісі болып 7 жыл қызмет еткен Анатолий Антонов жұмысын тоқтатқан.
Александр Дарчиев 27 ақпанда Ыстамбұлда өткен келіссөздерде Ресей делегациясын басқарды. Кездесу барысында АҚШ тарапы оның Ресейдің АҚШ-тағы елшісі ретінде тағайындалуына келісім беріп, ресми хабарлама тапсырды.
Ресей Сыртқы істер министрлігі сол кезде "оның Вашингтондағы қызмет орнына жақын арада аттанатынын" мәлімдеген еді. Дарчиев 1992 жылдан бері дипломатиялық салада еңбек етіп келеді. Ол әр жылдары Ресей Сыртқы істер министрлігі Солтүстік Америка департаменті бөлімінің директор орынбасары, кейін директоры болды, сондай-ақ Ресейдің АҚШ-тағы елшілігінде кеңесші және Ресейдің Канададағы елшісі қызметтерін атқарды.
