Путин Астанаға ресми сапармен келеді
Фото: Akorda.kz
Фото: Akorda.kz
06.11.2023 15:01
884
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 9 қараша күні Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Астанаға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Сапар барысында екі ел басшылары келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелерін талқылайды деп жоспарланып отыр, - делінген Ақорда ақпаратында.
Бұдан бөлек, президенттер Қостанайда өтетін Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнебайланыс режимінде қатысады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Украина президент сайлауына дайындалып жатыр
Келесі жаңалық
Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты