ПСЖ Мбаппеге құны 1 млрд еуро болатын келісімшарт ұсынды

Фото: instagram.com/psg
Фото: instagram.com/psg
21.07.2023 14:43
715
ПСЖ шабуылшы Килиан Мбаппеге жаңа ұзақ мерзімді келісімшарт ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Marca-ның хабарлауынша, париждіктер шабуылшыға құны 1 млрд еуро болатын 10 жылдық келісімшарт ұсынған.
Мбаппенің ПСЖ-мен қазіргі келісімі 2024 жылдың маусымына дейін есептелген. Мбаппенің клубтан еркін агент ретінде кетуі ПСЖ-да күрделі қаржылық мәселелер туындатуы мүмкін.
Бұған дейін Килиан клуб басшылығына командамен келісімшартты ұзартпайтынын мәлімдеген хат жіберді.
Мбаппеге басты үміткер – «Реал Мадрид» клубы.
Өткен маусымда ПСЖ-мен бірге Мбаппе Франция чемпионатында жеңіске жетіп, турнирдің үздік бомбардирі атанды (29 гол). Ол сондай-ақ 1-лиганың үздік ойыншысы атанды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Ұшақ бортында шылым шеккен Қытай азаматы ұсталды
Келесі жаңалық
Алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды