Жаңалықтар

Психологтардан кеңес: әрбір адам білуі тиіс 15 әдіс

Психологтардан кеңес: әрбір адам білуі тиіс 15 әдіс
Фото: © Pixabay.com 11.01.2024 15:33 2351

Бұл психологиялық әдістер күйзеліс не уайым кезінде өмірді жеңілдетуге көмектеседі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бір топ адамның арасында отырып, әңгіме барысында күлгенде біз әдетте өзімізге сүйкімді көрінетін немесе жанымызға жақын тартқымыз келетін адамға қараймыз.

Маңызды жұмыс алдында толқып не қобалжып отырсаңыз, сағыз шайнаңыз. Бұл сіздің қалыпқа түсуіңізге әсер етеді. Себебі миымыз тамақ жеу процесін бейсаналы түрде қауіпсіздік деп қарастырады.

Егер сізге біреу дауыс көтеріп сөйлесе, сабырлылық сақтаңыз. Бәлкім бұл қасыңыздағы адамды ашуландыра түсуі мүмкін, дегенмен ол өз-өзіне келген соң бұл әрекетінен қатты ұялатыны сөзсіз.

Әңгімелесушіңіздің жауабы қанағаттандырмаса немесе ол дұрыс жауап берген жоқ деп тапсаңыз, онда қайта сұраңыз, сауалыңызды нақтылаңыз. Оның көзіне мұқият қараңыз. Сонда ол әңгімені жалғастыруға мәжбүр болады.

Мимикаға эмоция әсер етеді деп жатамыз, негізінде бұл керісінше бағытта да жұмыс істейді екен. Сондықтан өзіңізді бақытты сезінгіңіз келсе, күлімдеңіз. Сонда бұл шынайы күлкіге айналуы мүмкін.

Қай жерде жүрсеңіз де әңгімені «Меніңше», «Менің ойымша» деген сөз тіркестерінен бастамауға тырысыңыз. Себебі сіздің айтқан сөзіңіз – онсыз да сіздің ойыңыздан шыққан дүние. Бұл сөз тіркестері сіздің өз пікіріңізге сенімсіз екеніңізді аңғартуы мүмкін.

Әңгімелесу алдында интервьюерді өзіңіздің байырғы танысыңыз не жақын досыңыз деп қабылдаңыз. Бұл өзіңізді еркін ұстауға және тым қатты қобалжымауға әсер етеді.

Адаммен кездескеніңізге қуанышты екеніңізді неғұрлым көбірек көрсеткен сайын уақыт өте қуаныш шынайы бола түседі.

Стрестің физиологиялық көрінісі көңілдің қуаныштан толқуына ұқсас келеді: терең тыныс алу, жүрек соғысының жиілеуі және тағы басқа. Сондықтан стресс жағдайын өзіңізге берілген мүмкіндік не шақырту деп қараңыз, сол арқылы одан келетін кері әсерді төмендетуге болады.

Адамдар өзінің ісіне, біліктілігіне деген сенімділігін көрсете алмай жатады. Егер сіз өз әрекетіңізбен бастамаңыздың нәтижелі болатынына сенімді екеніңізді көрсетсеңіз, онда адамдар да сіздің соңыңыздан ереді.

Егер адамдармен көп жұмыс істейтін болсаңыз, онда артыңызға айна қойып қойыңыз. Мұндайда адам өзін мейлінше сыпайы ұстауға тырысады, себебі ашушаң, ұрысқақ не дөрекі сөйлегеніңді айнадан көру кімге де болса ұнамайтыны анық.

Егер жиналыс кезінде біреудің сізді сынайтынын алдын ала білсеңіз, сол кісінің қасына отыруға тырысыңыз. Себебі жаныңда отырған адамға алшақ отырған адамға ұрысқандай қатты сөз айта алмайсың, адамның жаратылысы сондай.

Жігіт не қызбен алғашқы кездесуді мейлінше әдемі, жақсы көңіл күй сыйлайтын жерде өткізіңіз. Сонда сіздің бейнеңіз көтеріңкі көңіл күймен байланысты болуы мүмкін.

Таныстық кезінде адамның көзінің түсін байқауға тырысыңыз. Себебі екі адамның жанары кездескенде арадағы жылулық арта түседі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға