Жаңалықтар

Психологтан кеңес: "Ажыраспаймын десеңіз..."

Психологтан кеңес: "Ажыраспаймын десеңіз..."
Фото: © iStock 10.11.2023 17:00 3576

Адам дүние есігін ашқан сәттен бастап, неке құрғанға дейін әртүрлі күйзелістер мен дағдарыстардан өтеді. Бұл жолды барлығы жүріп өтеді. Бастысы – күйзелістен шыға білу, дағдарысты жеңе білу. Егер, ішкі күйзелістерден арыла алмаған адам өмірлік жарын жолықтырса, қосылғаннан кейін оны да өзімен бірге түңілістердің тар қапасына сүйрейді. Осындай пікірді психодрамотерапевт Ольга Малинина білдірді. Осы орайда біз некені бұзбай, «қалай қиын кезеңдерден өтуге болады?» секілді сұрақтар бойынша маманның кеңесін алдық.

Статистикаға сүйенсек,  республикада жылына орта есеппен 140 мың азамат үйленеді. Алайда, кейін оның 50 мыңы ажырасу туралы шешім қабылдайды. Айырылысуға бел буғандардың үлесі жалпы тіркелген неке санының 34,4 пайызын құрайды. Иә, сандардың бұлай сөйлеуіне себеп көп. Мысалы, материалдық қиындықтар, екі жастың ортасына отбасы мүшелерінің кірісуі және тұрмыстық зорлық-зомбылық. Алайда, психодрамотерапевт маманның айтуынша, адамның ішкі жан дүниесінің жаралары мен күйзелістің соңы да екі адамды ажырастыруға дейін апара алады.

 

Өмірдің ақ пен қарадан тұратынын түсіну

Өмір – шахмат тақтасы секілді. Қарадан кейін ақ тұратыны хақ. Бірақ, біз қара жолақтардан кейін ақ түске оралмайтындай көзқараспен қараймыз.

Тақтаның қара түсі – бұл жоғарыда айтылған күйзелістер мен дағдарыстардан тұратын кезең. Бұндай кезеңдер бізге өмірдің мінсіз емес екенін, өзімізді тереңірек тануға, қиындықтарды қабылдауға және қанша қиын болса да, екінші жартың үшін өзіңді өзгертуге  үйретеді.

Еркектер де, әйелдер де 30 жастан асқаннан кейін немесе отбасы қатары толыққанда дағдарысқа ұшырайды. Себебі, адам өміріндегі кезеңдердің алмасуы. Ересектікке бой үйрену. Бұл шынында қазіргі қоғамдағы көп адам үшін қорқынышты. Өйткені, қартаюды қабылдағысы келмейтіндердің саны көп. Сондықтан егер, сіз осы кезеңге аяқ басып келе жатсаңыз алдын-ала өзіңізді дайындауыңыз керек. Есею – қартаю емес екенін ұғыну қажет.

 

Өзгерістерден қорықпау

Оған қоса, дағдарыс кезеңдерін жіктеуге тырысу керек. Мысалы, сіздің ішіңіздегі ауыр жүк жұмысқа, жеке басқа және отбасыға байланысты пайда болды деп бөлуге болады. Сонда мәселенің себебін түсініп, күресу оңайға түседі. Тағы бір айта кететін нәрсе, жарыңыз да, өзіңіз де түсінік таныта білулеріңіз керек. Өйткені, белгілі бір кезеңдерден өтіп кету үшін адам өз бойындағы белгілі бір мінез-құлқын, әрекеттерін өзгертуге тура келеді. Өзгерістерден қорықпаңыздар! Бұл дағдарыстан шығатын жол.

 

Отбасылық өмірде екі жаққа бірдей салмақ түсетінін ұғыну

Біздің түсінікте отбасылық өмірде еркек пен әйелдің өзіне бекітілген рөлі бар. Ер адам түзде жүріп, отбасысын бағу үшін таңнан кешке дейін жұмыс істейді десек, әйел адам үй шаруасыны мен баланың тәрбиесінің жүгін көтереді. Бастысы - jтбасылық өмірде екі жаққа бірдей салмақ түсетінін ұғыну. Өйткені, көп жағдайда екі тарап, бір-бірінің жұмысын оңай деп ойлайды. Алайда, екі жақтың да өзіне тән ауыртпашылықтары бар.

Осы үшін бір-бірін кінәлайтындар да аз емес. Мұндай айыптаулар жақсы нәрсеге әкелмейді. Тек ренішті күшейтеді және адамдарды бір-бірінен алшақтатады. Бұның бір ғана шешімі – әңгімелесу. Екі тарап ішіндегі қорқыныштары мен толқыныстарын, толғаныстары мен күрсіністерін, қуаныштары мен қайғысын бөліседі. Бұл жерде тек тыңдау ғана емес, түсіну де маңызды. Әңгімелесу арқылы қос тараптың арасында байланыс пайда болады. Ескеру керек жайт, жарыңыздың атқарған жұмыстарын құнсыздандыру барлығын тек ушықтыра түседі. Жоғары да айтқанымдай бақытты болудың жалғыз құпиясы – сөйлесу, түсіну және қолдау!

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға