Жаңалықтар

Психологиялық ауытқуы бар адамдарды үйіне жіберу мәселесін қозғау керек - депутат

Психологиялық ауытқуы бар адамдарды үйіне жіберу мәселесін қозғау керек - депутат
Фото: Видеодан кадр 12.02.2025 10:30 114

Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы Астанада 5 жасар баланың бетін пышақпен тіліп тастаған оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Депутаттың айтуынша, психологиялық ауытқуы бар, есепте тұрған науқастарды бақылау мәселесін қайта көтеру керек.

Бетін тілгілеп тастады деген ақпаратты оқыдым. Мән-жайды толық зерттемедім. Бұл шынымен де өте сұмдық жағдай. Жапа шеккен баланың өміріне, денсаулығына, онан соң бетіндегі тыртықтар өмір бақи қалатын болса психологиясына кері әсер ететінін анық. Сондықтан біз қоғамды барынша қауіпсыз қылуымыз керек. Психологиялық диспансерде тіркеуде тұрған адамдарды арнайы қағазбен үйіне жіберіп жатады. Кешегі жағдайдан соң психологиялық ауытқуы бар адамдарды үйіне жіберу мәселесін қайта қозғау керек екенін көрсетіп бергендей. Күдікті баланың ата-анасы заң тұрғысынан тиісті жазасын алады деген ойдамын. Жапа шеккен бала шошып қалмай, ауыр соққы алмай, жазылып, қатарға қайта қосылады деп үміттенемін, - дейді Нартай Аралбайұлы. 

Айта кетейік, әлеуметтік желіде елордадағы тұрғын үйлердің бірінің жеделсатысында жасөспірімнің кішкентай балаға пышақпен шабуыл жасағаны туралы видео тарады. Астана қалалық Полиция департаменті растады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға