Жаңалықтар

Прокурорлар Шерзат Болаттың туыстарымен болған оқиғадан кейін үндеу жасады

Прокурорлар Шерзат Болаттың туыстарымен болған оқиғадан кейін үндеу жасады
Фото: коллаж El.kz 11.12.2024 15:00 2704

Алматы облысының прокуратурасы өңір тұрғындарына заңсыз митингтерді ұйымдастыру мен оларға қатысудың салдары туралы ескерту жасай отырып, үндеу жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство митингтер, жиналыстар және пикеттер сияқты қоғамдық іс-шараларды өткізу "Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" заңмен қатаң реттелетінін еске салды.

Азаматтарды жауапкершілік танытып, заңсыз митингтерге қатысуға шақырған үндеулерге ермеуге шақырамыз. Мұндай іс-шараларды ұйымдастыру мен оларға қатысу заңды өрескел бұзу болып табылады және ауыр салдарға әкеп соғады. Бұл әрекеттер үшін әкімшілік жауапкершілік (Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 488-бабы) және қылмыстық жауапкершілік (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 400-бабы) қарастырылған. Заңсыз акцияларға қатысу әкімшілік қамауға, ірі айыппұлдарға және қылмыстық қудалауға әкелуі мүмкін екенін еске саламыз, – делінген Алматы облысы прокуратурасының үндеуінде.

Бұл үндеу 10 желтоқсанда Азат ауылында болған оқиғадан кейін жарияланды. Сол күні Талғарда қайтыс болған Шерзат Болаттың ағасының жерлеу рәсімі өткен болатын. 

Жерлеу рәсімінен кейін полиция Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовты ұстады. 

Азамат Н., прокурордың заңдылықты сақтау туралы түсіндірмелерін елеместен, өзін өте агрессивті ұстай бастады, айналасындағыларға қауіп төндіріп, суицид жасаймын деп қорқытты. Сондай-ақ полиция қызметкеріне пышақпен шабуыл жасады. Оның мінез-құлқы өзіне де, айналасындағыларға да қауіп төндірді. Азамат Н. жағдайына алаңдаған туыстары мен адвокаттарының өтініші бойынша оның өмірі мен айналасындағылардың өміріне зиян келтірмеу мақсатында полиция қызметкерлері оны ұстау үшін шаралар қабылдады, - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға