Жаңалықтар

Прокурорлар қылмыстық есірткі тобы қызметінің жолын кесті

Прокурорлар қылмыстық есірткі тобы қызметінің жолын кесті
Фото: Бас прокуратура 29.03.2025 21:16 551

Қаңтар айында Маңғыстау облысының прокуратурасымен есірткі және психотроптық заттарды өткізу дерегі бойынша (ҚК-нің 297-б. 3-б. 1-т.) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Қылмыстық істі тергеп-тексеруді облыс прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасына тапсырылды.
 
Облыс прокуроры Айдос Майлыбаевтың өкімімен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды, оның құрамына Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі және облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері де кірді.
 
Ағымдағы жылғы 28 наурызда тергеп-тексеріліп жатқан қылмыстық істің екі эпизоды бойынша қатысы бар адамдар ұсталып, ҚПК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды.
 
Сотпен оларға қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
 
Оқиға болған жерді қарап-тексеру кезінде 1,174 млрд теңге және 176 мың АҚШ доллары алынды.
 
Іс бойынша тергеп-тексеру жалғасуда.
 
ҚПК-нің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол берілмейді.
 
Тергеп-тексеру барысы облыс прокурорының қатаң бақылауында.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға