Жаңалықтар

Прокурор Серік Күдебаевты 9 жылға соттауды сұрады

Прокурор Серік Күдебаевты 9 жылға соттауды сұрады
Фото: gov.kz 28.02.2023 16:13 1003

Талдықорғанда Алматы облысы полиция департаментінің экс-бастығы Серік Күдебаевтың сотында прокурор оны 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл ақпаратты Жетісу облыстық прокуратурасы растады.

Еске сала кетсек, полиция генерал-майоры Серік Күдебаевқа қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылған болатын.

Тергеу мәліметтері бойынша, ол 2022 жылғы қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде Алматы облысының коменданты бола тұрып, полиция департаментінің ғимаратынан шығып кеткен. Соның салдарынан тәртіпсіздікке қатысушылар ғимараттағы қару-жарақты қолды қылған.

Серік Күдебаев Алматы облысының полициясын 2020 жылдың қаңтарынан 2022 жылдың қаңтарына дейін басқарды. Ал оған дейін Алматыда ІІО саласында 6 жылдан аса уақыт түрлі лауазымды қызмет атқарған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға