Прокурор Гүлмира Сатыбалдыны 8 жылға соттауды сұрады

Фото: Коллаж El.kz
Фото: Коллаж El.kz
25.04.2023 17:12
1051
Гүлмира Сатыбалды бұған дейін кінәсін ішінара мойындайтынын мәлімдеп, өзін босатуды сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ал прокурор Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыны 8 жылға соттауды сұрап отыр.
Мұның алдында ол Қайрат Сатыбалдыдан бала туғаны үшін ғана қудаланып жатқанын айтқан болатын.
Айта кетейік, Гүлмира Сатыбалдыға Қылмыстық кодекстің 389-бабының 3 және 4-бөлігі (Өзінше билік ету), 28-бабының 3-бөлігі 1 және 8-тармағы (Адамдарды пайдалану арқылы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам орындаушы деп танылады), 125-бабының 2-бөлігінде (Адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы және пайдакүнемдiк ниетпен адамды ұрлау) көрсетілген қылмысты жасады деген айып тағылған.
Бөлісу:
