Жаңалықтар

Прокурор экс депутат Нұржан Әлтаевты 12 жыл түрмеге қамауды сұрады

Прокурор экс депутат Нұржан Әлтаевты 12 жыл түрмеге қамауды сұрады
Фото: instagram.com/nurzhan_altayev 20.11.2023 16:24 1134

Прокурор Мәжілістің бұрынғы депутаты Нұржан Әлтаевты 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады,  деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі

"Прокурор Олжас Хайлроллаев El-Tiregi тіркелмеген партиясының жетекшісі Нұржан Әлтаевты 12 жыл бас бостандығынан айыруды, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыруды сұрады, - делінген хабарламада.

31 қазанда (алдын ала тыңдау кезінде) мемлекеттік айыптау тарапының өтініші бойынша Әлтаевтың ісі бойынша сот отырысы жабық деп жарияланды. Саясаткердің өзі кінәсіз екенін және оның ісінің саяси астары бар екенін мәлімдеді.

Айта кетейік, 7 маусымда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жасырын іс-шаралар кешенінің нәтижелері бойынша экс-вице-министр Н.Б. Әлтаевты аса ауыр жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен ұстаған болатын.

Нұржан Әлтаев «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасы А.И. Мырзахметовке «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша мемлекеттік тапсырысты алуға жәрдемдесу үшін 2018-2019 жылдар аралығында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі бола тұра, жүйелі түрде пара ретінде ай сайын 5 000 АҚШ доллары мөлшерінде ақша қаражатын алды деген күдікке ілінген.

Айыпталушы 2020 жылға дейін аса ірі көлемде, жалпы сомасы 135 000 АҚШ долларын қалтасына басқан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға