Прокуратура Кәрім Көкірекбаевты ақтау үкіміне наразылық білдіреді
Фото: El.kz/Бауыржан Жуасбаев
Фото: El.kz/Бауыржан Жуасбаев
08.06.2024 10:14
1047
Прокуратура Кәрім Көкрекбаевтың ісі бойынша үкімге наразылық енгізілетін болады, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.
7 маусым күні Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысы Кәрім Көкрекбаевқа қатысты ақтау үкімін жариялады.
Ол адамдар тобы болып аса ірі мөлшерде бірнеше рет пара алды деп айыпталған.
Көрсетілген соттың үкіміне прокуратурамен оның күшін жою туралы апелляциялық өтінішхат келтіріледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға