Жаңалықтар

Прокуратура газ желілерін мемлекет балансына қайтарды

Прокуратура газ желілерін мемлекет балансына қайтарды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 09.09.2023 13:26 862

Түрксіб ауданы прокуратурасының үйлестіруі кезінде Қайрат шағын ауданында орналасқан ұзындығы 10 000 метрден асатын газ құбыры трассасын жеке меншіктен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның балансына беру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Бұған себеп болған, тұрғындар арасында наразылық тудырған соңғы кездегі газдың жиі іркілістері мен сөндірілуі, нәтижесінде мемлекеттік органдарға шағымдар жиілеген.

Тек биылғы жылдың өзінде аталған учаскеде газ беруде 12 іркіліс тіркелген.

Түрксіб ауданының прокуратурасы желілердің жеке меншікте болғандықтан мәселені шешуде және осыған байланысты жергілікті атқарушы органдардың жағдайға жедел ықпал ете алмауымен қиындық тудырғанын анықтады.

Газдың әлсіз берілуіне ЖШС (газ желілеріне қызмет көрсеткен) өзінің тікелей міндеттерін сапасыз орындауы, авариялық-диспетчерлік және қызмет көрсету қызметінің болмауы себеп болды.

Тараптардың келісімі бойынша және шағын аудан тұрғындарының тілектерін ескере отырып, желілер «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ балансына беріліп, осы мәселені шешуге мүмкіндік берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға