Жаңалықтар

Профессор Рәтбай МЫРЗАҚҰЛОВ «Top Springer Author 2015» сыйлығының иегері атанды

Ораталық Азия ғалымдарына берілетін «Top Springer Author 2015» сыйлығы лауреаттарын марапаттау рәсімі 2015 жылдың 12 маусымында Алматы қаласындағы Ғылыми-техникалық Ұлттық ақпарат орталығында өтті.
17.06.2015 05:47 5210

Springer  басылымының арнайы рейтингті ғылыми журналдарда жарияланған ғылыми мақалалары үшін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымы,  белгілі физик, астрофизика саласындағы көптеген еңбектердің авторы Рәтбай МЫРЗАҚҰЛОВ  «Top Springer Author 2015» сыйлығының иегері атанды.

Профессор Рәтбай МЫРЗАҚҰЛОВ «Top Springer Author 2015» сыйлығының иегері атанды

Ораталық Азия ғалымдарына берілетін «Top Springer Author 2015» сыйлығы лауреаттарын марапаттау рәсімі 2015 жылдың 12 маусымында Алматы қаласындағы Ғылыми-техникалық Ұлттық ақпарат орталығында өтті.

Рәтбай Мырзақұлов физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, академик, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ "Жалпы және теориялық физика" кафедрасының меңгерушісі әрі ЕҰУ жанындағы "Теориялық физика Еуразиялық халықаралық орталығы" ҒЗИ директоры, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми кеңесінің мүшесі. Ол шетелдің  беделді басылымдарында жарық көрген ғылыми мақалаларымен  әлемдік ғылыми қауымдастықты мойындатып, отандық ғылымды биік деңгейге көтерген бірден бір қазақстандық ғалым.

Аталған марапттау  рәсімге Қырғызстаннан «Геоприбор» ғылыми-инженерлік орталығының директоры Исабек Торғаев пен Қырғыз Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының директоры Қанатбек Абрахматов және Геология-минерология ғылымдарының докторы Владсилав Баталаев қатысты. Тәжікістаннан әйгілі математик, академик Миргнад Шабозов лауреат атанды.

Қазір бір ғана физика саласы бойынша Рәтбай Мырзақұлов өз саласының үздігі ретінде, тізімнің басында тұр. Халықаралық мәліметтер базасына шыққалы бері қазақстандық ғалымдардың ғылыми мақала жариялау белсенділігі айтарлықтай өскен. Рәтбай Мырзақұлов еңбектерінің ғылыми айналымдағы пайдаланылуы жайында деректер келтірсек: 2014 жылға дейінгі соңғы мәліметтер бойынша www.scholar.google.com сайтынан шетелдерде ғалымның жұмыстарына 2000 сілтеме жасалып, Thomson Reuters мәліметтер базасынан 1000 сілтеме берілгені мәлім болып отыр. Сонда оның Хирша индексі 24-ке 18 дәрежесін көрсетеді. Осы дәрежесі арқылы Мырзақұлов Қазақстан ғалымдарының ішінде бірінші орында тұр. Бұны Мырзақұловтың халықаралық ғылыми көрсеткіштері және оның ғылымда ашқан жаңалықтарына шетел ғалымдарының берген бағасы деп білген жөн.

Бұдан бөлек ғалымның АҚШ, Үндістан, Жапония, Ресей, Англия, Испания, Италия, Түркия, Германия, Мексика, Қытай, Бразилия, Иран, Египет, Финляндия, Норвегия сияқты елдер­дің жетекші математик, физик-теоретиктерімен бірлесе ғы­лы­ми-зерттеу жұмыстарын жүр­гізіп, біріккен жарияланымдар жа­сағаны тағы бар. Профессор Рәтбай Мырза­құлов­тың ғылымға сіңірген ең­бегі еліміз тарапынан да лайық­ты бағалануда. Бұл орайда ғалым «Еуразия мақтанышы» кон­курсының жеңімпазы, жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік ғылыми-зерттеулер үшін берілетін Қ.Сәтбаев сыйлығының лауреаты, Калифорния универ­си­тетіне (АҚШ) бір жарым жыл­дық ғылыми тәжірибе арттыруға арналған «Болашақ» және «Жылдың үздік оқытушысы» (2010 ж.) гранттарының иегері; «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» (2014 ж.) атақтарына қол жеткізуі соның айқын дәлелі.

Рәтбай Мырзақұлов – бүгінде ЕҰУ-дің атын асқақтатып, қазақ ғылымының мәрте­бе­сін көтеріп жүрген санаулы мақ­таныштарымыздың біре­гейі. Әлем­дік ғылымда өз қол­таңба­сы­мен танылған оның әлі талай биіктерді бағындыратыны сөзсіз.


Салтанат Бейсенова

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға