Жаңалықтар

Продюсер: «Валерий Меладзе Баянның мерейтойында әкесінің қазасын естіді»

Продюсер: «Валерий Меладзе Баянның мерейтойында әкесінің қазасын естіді»
Фото: instagram.com/impresario.tv 21.01.2024 18:20 1757

Ресейлік белгілі әнші Валерий Меладзе Алматыға концерттерін кейінге шегеруінің нақты себебі белгілі болды. Себебі шығармашылық кешке бір күн қалғанда өнер иесінің әкесі дүниеден өткен. Әнші бұл қаралы хабарды отандық продюсер Баян Мақсатқызының 50 жас мерейтойында естіген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы отандық продюсер Жан Мұқанов желі парақшасында жазды.

Баян Мақсатқызының мерейтойында Валерий Меладзе өнер көрсетті. Бәрі өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Алайда мен бұл қуанышты сәт туралы емес, қайғы жөнінде, соның ішінде әншінің кәсіби деңгейі туралы бөліскім келіп отыр. Сахнаға шығуға санаулы сағат қалғанда Валерий Меладзе әкесінің қазасы туралы қаралы хабарды естіді. Бұл кез келген адам баласы үшін орны толмас қайғы. Соған қарамастан өнер иесі өз қайғысын ешкімге білдірмей, өнер көрсетті. Бұл әншінің кәсіби деңгейлік пен өнерге деген адалдығын аңғартады. Ол өз командасының, бастысы оның өнерін күткен жанкүйерлерінің көңіліне қаяу түсірген жоқ. Тек “Чужестранец” деген әннің әуенінде жүрек қағысының дауысы шыққан сәтте оның көзінен мұң байқадым. Шаршаңқы шығар деп топшыладым. Мен әншінің сахнада талай рет өнер көрсеткеніне куә болғанмын. Бірақ кеше ерекше мұңды байқадым. Валерий Меладзе, сіз өз асқар тауыңыз әкеңіз бен халықтың лайықты перзентісіз! Әкеңіздің қазасы қайырлы болсын! деп жазды продюсер Жан Мұқанов.

Еске салсақ, Алматыдағы Республика сарайында қаңтардың 20, 23, 25 күндері Валерий Меладзенің жеке концерті өтуі керек болатын. Алайда отбасындағы қайғылы жағдайға байланысты шығармашылық кеш кейінге шегерілді.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға