Пробациялық бақылауда: Саденов Самат Әбіштің соты жайлы
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
20.03.2024 12:11
653
Ішкі істер министрі Ержан Саденов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Самат Әбіш сотына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Айта кетейік, Самат Әбіш шартты түрде 8 жыл мерзімге сотталды.
Мәжіліс кулуарында БАҚ өкілдері министрден шартты жаза неден тұратынын және қандай шектеулер болатынын сұрады.
Сот үкімі бойынша сұрақ судьяларға қатысты. Өзіміздің құзыретімізге сәйкес, бұл азамат пробациялық бақылауда. Оның басқа жаққа кетуіне құқығы жоқ. Тұрғылықты мекенжайы бойынша болуы керек. Сот үкімінде осының бәрі көрсетілген. Яғни ол Қазақстаннан шықпауы керек. Қандай сот қарағанын білмеймін, - деді ішкі істер министрі Ержан Саденов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға