Жаңалықтар

Притон иесі полицейге пара бермек болған

Притон иесі полицейге пара бермек болған
Фото: © El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 16.04.2024 05:33 613

Ақмола облысында притон ұйымдастырушы полицейге пара бермек болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Көкшетау қаласының тұрғыны полиция қызметкеріне жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастыру ісінде оны жауапқа тартпағаны үшін пара беруге тырысқан. 

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімшесі ұсынған ақпарат бойынша Өзіндік қауіпсіздігі басқармасының қызметкерлері қолма-қол ақша беру кезінде 44 жастағы ер адамды ұстады.

Полиция мәліметінше, пара бергені және жезөкшелік пен жеңгетайлықпен айналысу үшін притонды ұйымдастырғаны немесе ұстағаны үшін сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға