Жаңалықтар

Приозерскіде жас көшбасшылар өзекті мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасты

Приозерскіде жас көшбасшылар өзекті мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасты
19.07.2019 15:53 4217

Приозерск қаласында ҚХА «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы аймақтық штабының мүшелері мен Қарағанды облысының этномәдени бірлестіктері жас өкілдерінің қатысуымен «Saryarqa Jastar» облыстық жастар форумы өтті. 

Приозерскіде жас көшбасшылар өзекті мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасты

Шараға, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Шерзот Пулатов, Қарағанды әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Ерлан Құсайын және «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының төраға орынбасары Тимур Жумырбаев қатысты.

Приозерскіде жас көшбасшылар өзекті мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасты

«ҚХА жастар қанатына барлық жобаларға, мемлекеттік бағдарламаларға қатысу керек. Өз араларында татулық пен келісімді насихаттай отырып, осы бағдарламаларды түсіндіру қажет. Биыл жастар үшін бірқатар тың жобалар жоспарланған. Этномәдени бірлестік жастары соны барынша пайдалану керек. Сіздерге сәттілік тілеймін», - деді Шерзот Пулатов форумының салтанатты ашылуында.

Іс-шара бағдарламасында жастар әлеуметтік жобаларының презентациясы жасалып, «Атамұра» қазақ халқының мәдениетін, салт-дәстүрлерін дамыту орталығына барып, ҚХА «Жарасым» клубының «Super Jastar» волейболдан чемпионаты және алау басындағы «ҚХА -Talks» жүздесу ұйымдастырылды.   

Приозерскіде жас көшбасшылар өзекті мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасты

«Жоспар өте көп. Біз әртүрлі саладағы жастардың жобалары колдау тапқанын көздейміз. Ең бастысы, жастардың әлеуметтік көңіл - күйі басты назарда болса. Басты мақсат осы. Анығында проблема баршылық. Оның себебі, жастардың беріліп жатқан мүмкіндіктерден хабардар болмауында.  Жасампаз, білімді замандастарымыз бен сапалы мамандар елдің қарыштап дамуының бірден - бір кепілі»,- дейді Қарағанды облысы бойынша ҚХА жастарды үйлестіру кеңесінің төрағасы Александр Урмашов.

Приозерскіде жас көшбасшылар өзекті мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасты

Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар қозғалысы ҚХА құрылғаннан бері белсенді жұмыстар атқарып келеді. Облыстық ҚХА тәуелсіздік жылдарында жас көшбасшылардың тұтастай тобын тәрбиелеп шығарды, олардың ұйымдастырып өткізген тағылымды іс-шаралары бүгінгі таңда біздің аймағымызға ғана емес, жалпы республикамызға да кеңінен танымал. Жағдайды талдап, осы мәселенің маңыздылығын ескере отырып, 2017 жылы облыстық Ассамблея кеңесі Жастардың үйлестіру кеңесін құрды.

Приозерскіде жас көшбасшылар өзекті мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасты 

2018 жылы ҚХА жастар көшбасшыларының бастамасымен республиканың барлық аймақтарындағы «Жаңғыру жолы» қозғалысы мен оның штабтарын құру туралы шешім қабылданды.

Әсем Жұмабекова

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайынахабарласыңыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға