Жаңалықтар

Президенттің кезектен тыс сайлауында Аида Балаева өз таңдауын жасады

Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары дауыс беруге бұл жолы түстен кейін келді
Президенттің кезектен тыс сайлауында Аида Балаева өз таңдауын жасады
Фото: El.kz 20.11.2022 16:00 1201

Президенттің кезектен тыс сайлауында ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева да өз таңдауын жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары дауыс беруге бұл жолы түстен кейін келді.

Өзім ұдайы таңертең келетінмін. Учаскеде кезек болады. Сондықтан бүгін халықпен жағаласпай, кезек басылғанда келейін деп шештім, – деді ол.

Аида Балаева ел болашағына немқұрайлы қарамайтындар қатарында екенін айтты.

Біздің болашағымыз тікелей мемлекет басшысына, оның саясатына байланысты. Сондықтан өзінің болашағына немқұрайлы қарамайтын адамдар белсенді түрде дауыс беріп жатыр. Мен де солардың қатарындамын, – деді Балаева.

Ол сондай-ақ ел үшін бастысы тұрақты даму екенін атады. Сондай-ақ сайланатын президенттің бағыты, бағдары жүзеге асады деп күтетінін жеткізді.

Күтіп қана қоймай, оған атсалысамыз. Өйткені барлығы тек президентке ғана байланысты емес, барлық қазақстандықтарға байланысты. Сондықтан жауапкершілікті сезініп, алдымен сайлауға келу керек, - деді Балаева.

Айта кетейік, Балаева Астанадағы ҚР Ұлттық кітапханасының ғимаратында орналасқан №111 сайлау учаскесінде тіркелген. Аталған учаскеде таңертеңнен бері ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин, Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев дауыс берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға