Президенттікке үміткер Салтанат Тұрсынбекова Орталық сайлау комиссиясында құжат тапсырды
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz
11.10.2022 16:15
2117
Президенттікке үміткер Салтанат Тұрсынбекова Орталық сайлау комиссиясында құжат тапсырды, деп хабарлайды El.kz.
Комиссия мүшелері құжатты тексеріп, бірауыздан қолдады. Комиссия мүшелерінің айтуынша, барлық құжаттың түп нұсқасы толық қамтылған.
Еске сала кетсек, бүгін белгілі болғандай Салтанат Тұрсынбекова «Қазақ аналары – дәстүрге жол» РҚБ атынан президенттікке өз кандидатын ұсынды.
Салтанат Тұрсынбекова – қоғам қайраткері, құқық қорғаушы, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті
Келесі жаңалық
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-приде екінші орынға ие болды