Жаңалықтар

Президенттік жастар кадр резервінің мүшелерімен кездесу өтті

Президенттік жастар кадр резервінің мүшелерімен кездесу өтті
Фото: gov.kz 22.10.2023 15:00 593

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай ҚР Ұлттық экономика министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылған Президенттік жастар кадр резервінің мүшелерімен кездесуге қатысты, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Қатысушылар Қазақстанның инвестициялық саясатын дамыту мәселелерін талқылады.

Дархан Жазықбай шараның маңыздылығын және осындай кездесулер резервшілерге еліміздің дамуы үшін өз әлеуетін қолдануға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Оның айтуынша, Президенттік жастар кадр резерві мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттырудың пәрменді тетігіне айналып отыр. Бүгінде резервшілердің 77%-ы мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының лауазымдарына дейінгі әртүрлі жауапты лауазымдарға тағайындалған.

Ағымдағы жылы Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу мемлекеттік аппараттың салалық кадрларға қажеттілігін ескеретін 6 негізгі сала бойынша жүргізілуде.

МҚІА төрағасы бүгінде мемлекеттік аппараттың алдында мемлекеттік басқарудың сервистік моделіне көшу міндеті тұрғанын және осы мақсатқа жету үшін адами капиталдың сапасын арттыру маңыздылығына тоқталды.

Кездесу барысында резервшілер экономика салаларын дамыту бойынша өз ұсыныстарымен бөлісті. 

Атап өту керек, қазіргі уақытта Президенттік жастар кадр резервіндегі 30-ға жуық адам экономика және қаржы саласында еңбек етуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға