Жаңалықтар

Президенттік сайлау әділ өтуде

Халықаралық бақылаушы сайлауға қатысты пікірін білдірді
Президенттік сайлау әділ өтуде
Фото: El.kz 20.11.2022 16:41 2012

Халықаралық бақылаушы сайлауға қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ислам ынтымақтастығы ұйымы Бас хатшылығының Азия істері департаментінің директоры, миссия басшысы Ахмед Сарир Президенттік сайлау ешқандай заң бұзушылықсыз әділ өтіп жатқандығын айтты.

«Ислам ынтымақтастығы ұйымының байқауынша Президенттік сайлау әділ өтуде. Сайлау әрі қарай да тәртіпке сәйкес өтеді деген ойдамын», - деді ол.

Оған қоса Ахмед Сарир ұйыммен бірге қалада бақылау жұмыстарын жүргізіп жатқандығын айтты.

«Біздің ұйымда 3 адам бар. Біз бақылауды таңертеңнен бері бастап кеттік. Шамамен 15 сайлау учаскесінде болып қайттық», - деді миссия басшысы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға