Жаңалықтар

Президенттің бес бастамасы – нақты әлеуметтік шешім

Президенттің бес бастамасы – нақты әлеуметтік шешім
14.03.2018 05:46 1832

 

14 наурызда «Қазақстан халық Ассамблеясы» ғимаратында этномәдени бірлестіктердің басшылары мен өкілдерінің және ҚХА жанындағы кеңестердің мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуін түсіндіру мақсатында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Ақтөбе облысы Қазақстан халық Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Н. Барбосынов басшылық етті.

Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің экономика және менеджмент кафедрасының меңгерушісі, доценті Ү.Е. Мәмбетов «Пять социальных инициатив Президента» - плоды экономического роста»  тақырыбында баяндама жасады. Өз баяндамасында еліміздің кешегі және бүгінгі экономикалық даму көрсеткіштеріне мысалдар келтіре отырып, Елбасының бастамалары уақыт талабынан туындаған шешім екендігін және болашақ елдің әлеуметтік жағдайын көтеруге апаратын жол деп түйіндеді.

Сондай-ақ дөңгелек үстелге қатысқан этномәдени бірлестіктердің өкілдері де Елбасының бес бастамасының оң шешім екендігіне ризашылықтарын білдірді.                  

 

 

 

 

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға