Президенттің қатысуымен өтетін осы аптадағы іс-шаралар кестесі
Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметінің Telegram-каналында жарияланды
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
27.06.2022 09:39
1235
Ақорда осы аптада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтетін іс-шаралар кестесін ұсынды деп хабарлайды,- El.kz сайты AkordaPress-ке сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы бүгін «Астана» халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңестің отырысын өткізеді;
29 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий маңы елдері басшыларының Ашхабадта (Түрікменстан) өтетін алтыншы саммитіне қатысады;
30 маусымда Президент Ақорда резиденциясында Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізеді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
«Қазақстан Барысы» турнирінің финалы өтеді
Келесі жаңалық
Сәкен Бибосынов Ресейдегі турнирдің жеңімпазы атанды